Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дархан Мұсаев жұртты қызықтырып, қандай жаңалығымен бөлісті?

Шоу-бизнес •
Дархан Мұсаев жұртты қызықтырып, қандай жаңалығымен бөлісті?
Фото-коллаж: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Актер әрі продюсер Дархан Мұсаевтың "Сүйемін деші" фильмі 1 желтоқсаннан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Шығармашылық топ жаңа туындының көрерменге жол тартатын күнін жариялады. Махаббат пен сағынышты, әзіл мен күтпеген оқиғаларды арқау еткен фильм 16 жастан асқан көрермендерге арналған.

Картинада Тұңғышбай Жаманқұлов, Ақниет Орынтай, Әмірхан Оразбақ, Эльмира Қалбай, Қуандық Жүнісов, Әшім Ахмет және Құндыз Уәлиханқызы ойнайды.

Фильмді Ардақ Бәлтаев түсірген. Сценарийін Олжас Рахымғазы және Нұрсұлтан Тұрсыновпен бірге өзі жазған. Дархан Мұсаев пен Олжас Рахымғазы туындының продюсерлері болса, бас продюсері – Хайрол Мархаба.

Қоюшы операторы – Мейірлан Ашеков. Фильмнің музыкасын Ербол Нариманұлы жазған.

Бұған дейін біз Дархан Мұсаевтың осы фильмнің көрсетілімін кейінге шегергені туралы жазған едік. Актер туындысын қарашаның ортасында ұсынуды жоспарлаған. Алайда бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың фильмі де сол уақытта шығатынын біліп, жоспарын өзгерткенін айтқан.

Мұсаев екі картинаның қатар жарыққа шығуын жұрт басқаша қабылдап, өзін "хайп қуалады" деп ойлауы мүмкін екенін жеткізген. Ол кезде фильмнің жаңа көрсетілім күнін нақтыламаған еді. Енді туындының 1 желтоқсанда прокатқа шығатыны белгілі болды.

Дархан Мұсаев кім?

Дархан Мұсаев – қазақстандық театр және кино актері, продюсер. Көрерменге "Күйеу бала" телехикаясы арқылы таныс. Бұл жобада ол актриса Дариға Бадықовамен бірге ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.

Оның шығармашылық жолы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрымен де байланысты. Актер "Дон Сезар де Базан" қойылымында Капитан рөлін орындаған. Кейінгі жылдары кино өндірісіне ден қойып, продюсерлік бағытта жұмыс істей бастаған.

2026 жылдың ақпанында Мұсаев Хайрол Мархабамен бірлескен киножобада атқарушы продюсер болғанын хабарлаған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында шығармашылық жаңалықтарымен қатар, ән мен терме орындаған бейнежазбаларын да жариялап тұрады.

Дархан Мұсаев көпшілікке Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы ретінде де белгілі. Актердің өз мәлімдеуінше, екеуі 2008 жылғы 11 тамызда заңды некеге тұрып, 16 жыл бірге өмір сүрген. 2024 жылдың күзінде ажырасқанын ол 2025 жылғы қыркүйекте жұртқа жариялаған.

Ал 2026 жылғы қазанда Мұсаев қайта некеге отырғанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Сол кезде жаңа жұбайының аты-жөнін жарияламаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу