Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бөлек жүр деп ойлап қалсын": асабаның Қабатов пен Айманға айтқан сөзі талқыға түсті

Шоу-бизнес •
"Бөлек жүр деп ойлап қалсын": асабаның Қабатов пен Айманға айтқан сөзі талқыға түсті
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Мейрамбек Беспаевтың мерейтойында асаба Нұрбек Саламатовтың Тұрсынбек Қабатов пен оның екінші әйелі Айманға айтқан әзілі желіде пікірталас тудырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тойды жүргізген асаба Айманды ортаға шақырып, Тұрсынбекке де көпшіліктің алдына шығуды ұсынған. Осы сәтте ол екеуіне қатысты әзіл айтқан.

"Тұрсынбек аға, сіз келіңіз. Келмейсіз бе, жарайды, бөлек жүр деп ойлап қалсын", – деген Нұрбек Саламатов.

Бұдан кейін асаба Айманға сауал қойып, сөзін сыйлық тақырыбына бұрған.

"Айман ханым, өмірде жолы болғыш адамсыз ба? Аллаға сансыз шүкір, қазір сізден жолы болғыш адам жоқ сияқты. Бірақ сізге дым сыйлық шықпай тұр. Жеңеше, ренжімеңіз, есесіне сізде Тұрсынбек аға бар", – деген ол.

Сөз соңында асаба Тұрсынбек Қабатовпен бір ауылдан екенін айтып, артық әзілдей алмайтынын жеткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Айман Талғатқызының киім брендін таныстырып, жақсы жаңалығымен бөліскенін жазған едік.

Тұрсынбек Қабатов кім?

Тұрсынбек Аманғалиұлы Қабатов – қазақстандық әзілкеш, актер, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының Ақпәтер ауылында дүниеге келген.

Өнердегі еңбек жолын 2000 жылы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясында бастаған. Кейін КВН сахнасына шығып, "Аграрка сарбаздары", "Астана.kz", "Қазақтар" командаларының құрамында өнер көрсетті. Осы кезеңде республикалық деңгейде танылып, көрермен ықыласына бөленді.

Тұрсынбек Қабатовтың сахналық әзілдерінің негізгі арқауы – күнделікті тұрмыс, отбасындағы қарым-қатынас пен қоғамдағы түрлі мінез-құлық. Ол көпшілікке таныс жағдайларды әзілге айналдырып, жеке монологтарымен де танылды.

2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында, кейін Алматыдағы Республика сарайында жеке әзіл кештерін өткізді. 2010 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "Екі жұлдыз" жобасына қатысып, Фарида Ниязовамен жұп болып өнер көрсетті. 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды.

Әзілкештің шығармашылық жолында жас таланттарға арналған "Көңілді тапқырлар алаңы" жобасының да орны бар. Оның жетекшілігімен өткен сайыс өңірлерден шыққан жастарға үлкен сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу