Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Динара Сәтжан: "Былтыр бауырынан айырылып еді, енді әкесі өмірден өтті"

Шоу-бизнес •
Динара Сәтжан: "Былтыр бауырынан айырылып еді, енді әкесі өмірден өтті"
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Тележүргізуші Динара Сәтжан әкесі қайтыс болған дизайнер Аида Кауменоваға көңіл айтып, жүрекжарды жазба жариялады. Ол жиырма жылға жуық араласқан құрбысының өзіне туған бауырындай болып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі оның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Динара Сәтжан желідегі сторисінде Аидамен бірге түскен суреттерін бөлісіп, екеуінің достығы туралы жазды.

"Жиырма жылға жуық дос болған адам саған жай ғана дос болып қалмайды екен. Аида мен үшін құрбы ғана емес, туған әпке-сіңлімдей. Оған сенемін, қатты жақсы көремін, өзім үшін қалай алаңдасам, оған да солай алаңдаймын", – деп жазды тележүргізуші.



Ол Аиданың отбасын ерекше жақсы көретінін, жақындарының жанынан табылып, оларға қамқор болуға тырысатынын айтты. Сондай-ақ құрбысының былтыр да жақынынан айырылғанын еске алды.

"Былтыр Аида бауырынан айырылды, енді әкесі өмірден өтті. Аидашым, сенің қандай қайсар екеніңді білемін. Осы ауыр кезеңді еңсеруге күшің жетсе екен деп тілеймін", – деді Динара Сәтжан.

Тележүргізуші тағы бір сторисінде әкеден айырылудың ауыр қасірет екенін айтып, құрбысына жұбату сөзін арнады.

"Аидашым! Жаным! Құшақтаймын сені. Әкеден айырылу – орны толмас қайғы. Осы ауыр күндерді өткеруге күш-қуат тілеймін. Иманы саламат болсын", – деп жазды ол.

Бұған дейін Аида Кауменова әкесі Мұрат Кауменовтің қайтыс болғанын өз парақшасында хабарлаған еді. Дизайнер әкесінің өзіне әрдайым сенгенін айтып, оның сөзін еске алды.

"Менің әкем Мұрат Кауменов өмірден өтті. Ол маған үнемі сенетін. "Қызым, мен өзім әкесіз өстім. Сондықтан әрдайым жандарыңнан табылып, сендерге қамқор боламын" дейтін", – деп жазды Аида Кауменова.

Аида Кауменова кім?

Аида Кауменова – қазақстандық дизайнер, кәсіпкер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы. Ол әйелдерге арналған күнделікті киімдер мен салтанатты кештерге лайық көйлектер әзірлейді. Дизайнердің қолтаңбасы нәзіктікке мән беруімен, шығыстық нақыш пен заманауи пішімдерді үйлестіруімен ерекшеленеді.

Аида мектепте оқып жүргенде өнер мектебінде де білім алған. 1997 жылы Алматы технологиялық университетін "инженер-конструктор-модельер" мамандығы бойынша бітірген. Ал 2002 жылы Италияға барып, Урбино қаласындағы Carlo Bo сән мектебінде кәсіби шеберлігін жетілдірген. Елге оралғаннан кейін Daraleque сауда маркасында дизайнер әрі арт-директор болып жұмыс істеген.

2006 жылы өз сән үйін ашқан. Кәсібін жертөледегі пішу және тігін цехтарынан бастаған дизайнер кейін өндірісін кеңейтіп, Қазақстанның ірі қалаларында дүкендерін ашқан. Оның топтамалары шетелдік сән шараларында да көрсетілген. Соның бірі – 2015 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Asia Model Festival.

Aida KaumeNOVA киімдерін отандық өнер өкілдері де киеді. Сән үйі 2013 жылы Luxury Lifestyle Awards халықаралық сыйлығының "Люкс санатындағы отандық дизайнер" аталымында жеңімпаз атанған.

Динара Сәтжанмен достығы жиырма жылға жуық уақытқа созылған. Тележүргізуші соңғы жазбасында Аиданың өзіне туған бауырындай жақын екенін айтып, оның отбасына деген қамқорлығын ерекше атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу