Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақмыс техниканы жаңартуда: "Жомарт" кенішіне жаңа Epiroc бұрғылау қондырғысы жеткізілді

Қоғам •
Қазақмыс техниканы жаңартуда: "Жомарт" кенішіне жаңа Epiroc бұрғылау қондырғысы жеткізілді
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» Тобына кіретін «Жомарт» кенішіне кен өндіру жұмысына арналған жаңа Epiroc Boomer M1 өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы жеткізілді. Заманауи техника кенжарды жарылыс жұмысына дайындау барысында теспені механикаландырылған тәсілмен бұрғылау үшін пайдаланылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қондырғы белгіленген схема бойынша бұрғылау жүргізуге мүмкіндік беретін гидравликалық перфораторы бар бұрғылау жебесімен жабдықталған. Негізгі операциялардың механикаландырылуы бұрғылау жұмысының қажетті дәлдігін қамтамасыз етіп, тау-кен қазбаларын үңгілеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Жаңа техниканың жеткізілуі – «Қазақмыс» корпорациясының тау-кен шахта жабдықтарын жаңарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмысының бір бөлігі. 2026 жылы жабдық сатып алуға 21,1 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде 21 бұрғылау қондырғысын сатып алуға 4,65 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ жыл соңына дейін жерасты геологиялық барлау жұмысына арналған үш Diamec PHC 4 бұрғылау қондырғысы жеткізіледі деп күтілуде.

Техникалық паркті жаңарту жабдықтардың сенімділігін арттыруға, өндірістік үдерісті механикаландыруға және жер асты тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу