Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты: 112 адам жарақат алды

Әлем •
Мысырда екі пойыз соқтығысып, жеті адам қаза тапты: 112 адам жарақат алды
Фото: Sayed Hassan/Getty Images

Мысырда жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза тауып, 112 адам жарақат алды. Апат кезінде бірнеше вагон рельстен шығып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 8 қараша күні Кафр-Аммар және Эр-Ракка теміржол станцияларының арасындағы учаскеде болған.

Мысырдың Ұлттық теміржол басқармасының мәліметінше, Гиза қаласынан Файюмға бағыт алған №134 «Тахья Миср» пойызы Каир – Асуан бағыты бойынша қозғалып бара жатқан №2010 пойызының артқы бөлігіне соғылған. Қатты соққының салдарынан бірнеше жолаушылар вагоны рельстен шығып, адамдар зардап шеккен.

Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігі апат салдарынан жеті адамның көз жұмғанын растады. Қаза тапқандардың арасында ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болған пойыз машинисі де бар.

"112 адам жарақат алды, жағдайы жақсаруына байланысты зардап шеккен 45 азамат медициналық мекемелерден шығарылды", – деп мәлімдеді ведомство.

Осылайша, жарақат алған жолаушылардың бір бөлігі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге пойыздардың қандай жағдайда соқтығысқаны және теміржол апатына не себеп болғаны туралы толық мәлімет жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу