freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қытайдағы жойқын жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты

Әлем •
Қытайдағы жойқын жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Фото: canva.com

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын күшті жер сілкінісі болды. Табиғи апат салдарынан кемінде 16 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінен 46 адам зардап шеккен. Олардың 11-інің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген ғимарат қираған. Алдын ала мәлімет бойынша, 300-ден астам тұрғын үй бүлінген немесе толықтай қираған.

Жергілікті билік табиғи апаттан келген шығын көлемін анықтап, оның зардаптарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) бейсенбі күні Қытайдың Тибет автономиялық ауданында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған еді.

Қазіргі уақытта қираған ғимараттардың саны мен зардап шеккендер туралы мәліметтер нақтыланып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу