freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Пашинян Арменияның ЕАЭО-мен қарым-қатынасында қиындықтар бар екенін мәлімдеді

Әлем •
Пашинян Арменияның ЕАЭО-мен қарым-қатынасында қиындықтар бар екенін мәлімдеді
Никол Пашинян. Фото: Dmitry ASTAKHOV / POOL / AFP via Getty Images

Армения премьер-министрі Никол Пашинян елінің Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) қазіргі қарым-қатынасын экономикалық саясаттағы сын-қатерлердің бірі деп атады. Ол үкіметтің бұл бағытта жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Армения үкіметінің басшысы 22 қазанда Ереванда өткен үкімет отырысында айтты.

Sputnik Армения агенттігінің мәліметінше, Пашинян елдегі экономикалық белсенділік деңгейін оң бағалағанымен, сыртқы экономикалық байланыстарда шешуді қажет ететін мәселелер бар екенін жасырмады.

"Арменияда экономикалық белсенділік айтарлықтай жақсы деңгейде. Әрине, сын-қатерлер де бар. Қазір солардың бірі – ЕАЭО аясындағы қарым-қатынасымыз. Бұл бағытта алдағы уақытта жұмыс істейтін боламыз", – деді премьер-министр.

Армения экономикалық байланыстарын кеңейтпек

Никол Пашинян үкіметтің алдағы жұмысы елдегі экономикалық өсімді сақтауға және мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға бағытталатынын жеткізді. Оның сөзінше, Армения сыртқы экономикалық байланыстарын әртараптандыру саясатын жалғастырып жатыр.

Бұл бағытта үкімет әртүрлі халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуға көңіл бөлмек.

Премьер-министр ел экономикасының қазіргі көрсеткіштері өзге мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу