freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қар жауып, боран соғады: 22 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet •
Қар жауып, боран соғады: 22 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

"Қазгидромет" болжамынша, 22 қазанда Қазақстанға суық антициклон ығыса бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күн суытады. Алдымен батыс өңірлерде ауа температурасы төмендеп, кейін салқын ауа елдің өзге аймақтарына таралады. Ал шығыста қалың қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана: түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C. Күн құбылмалы бұлтты болып, аздаған жауын-шашын түседі: жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні кей уақытта 15–18 м/с-қа жетеді.

Алматы: түнде +4…+6°C, күндіз +14…+16°C. Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні кей уақытта 13 м/с-қа жетеді.

Шымкент: түнде +5…+7°C, күндіз +18…+20°C. Күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан жел 5–10 м/с жылдамдықпен соғады.

Абай облысы: түнде 0…+5°C, батысы мен оңтүстігінде –3°C-қа дейін суытады. Күндіз +2…+7°C болады. Жауын-шашын түсіп, көбіне қар жауады, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында боран соғады. Түнде және таңертең оңтүстігін тұман басады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысы: түнде 0…+5°C, батысында –3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +3…+8°C болады. Шығысында жаңбыр мен қар, солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысы: түнде +1…+6°C, батысы мен солтүстігінде –2°C-қа дейін суытады. Күндіз +13…+18°C, солтүстік-шығысында +10°C шамасында болады. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыстан соққан жел шығысқа ауысады, жылдамдығы – 7–12 м/с.

Алматы облысы: түнде +1…+6°C, солтүстігінде –1°C-қа дейін үсік жүреді, таулы аудандарда –1…–6°C болады. Күндіз +12…+17°C, таулы аудандарда +2…+7°C күтіледі. Түнде шығысында жаңбыр мен қар, таулы аудандарда қар жауады. Күндіз шығысында жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа, ал шығысы мен таулы аудандарда кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді.

Атырау облысы: түнде +3…+8°C, шығысында –1°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +15…+20°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Шығыстан жел 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде 0…+5°C, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда –5°C-қа дейін суытады. Күндіз +2…+7°C, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда –2°C-қа дейін төмендейді. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жауады. Батысында, солтүстігінде және шығысында боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысы: түнде 0…+5°C, таулы аудандарда –5°C-қа дейін төмендейді. Батысы мен солтүстігінде –3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +13…+18°C, таулы аудандарда +10°C шамасында болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең таулы аудандарды тұман басады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысы: түнде 0…+5°C, солтүстігінде –3°C-қа дейін үсік жүреді, таулы аудандарда –5°C-қа дейін суытады. Күндіз +10…+15°C, таулы аудандарда +5°C шамасында болады. Таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысы: түнде –1…–6°C, батысы мен оңтүстігінде +3°C шамасында болады. Күндіз +14…+19°C-қа дейін жылынады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысын тұман басады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел 7–12 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысы: түнде 0…+5°C, солтүстігі мен шығысында –5°C-қа дейін суытады. Күндіз +2…+7°C, оңтүстігінде +10°C шамасында болады. Солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігін тұман басады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысы: түнде –1…–6°C, оңтүстігінде +2°C шамасында болады. Күндіз +7…+12°C күтіледі. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігіне тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысы: түнде 0…+5°C, шығысы мен орталығында –2°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +15…+20°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғып, күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысы: түнде +6…+11°C, солтүстігінде +3°C шамасында болады. Күндіз +20…+25°C, солтүстік-шығысында +17°C күтіледі. Жауын-шашын жаумайды. Оңтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысы: түнде 0…+5°C, оңтүстігінде –2°C-қа дейін суытады. Күндіз +3…+8°C болады. Жаңбыр мен қар жауып, оңтүстігі мен орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығын тұман басады. Солтүстік-батыстан жел 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде батысында, күндіз облыс аумағында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде 0…+5°C, батысында –3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +3…+8°C болады. Шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар, солтүстігінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең батысын тұман басады. Солтүстік-батыстан жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысы: түнде +3…+8°C, солтүстігінде және таулы аудандарда –2°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +16…+21°C, солтүстігінде және таулы аудандарда +12°C шамасында болады. Жауын-шашын жаумайды. Таулы аудандарға тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз солтүстігінде және таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ұлытау облысы: түнде 0…+5°C, шығысында –3°C-қа дейін суытады. Күндіз +9…+14°C, шығысында +6°C шамасында болады. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы – 9–14 м/с.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу