freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Теңіз түбінде 60 сағат: батып кеткен кемеден тірі адам табылған

Оқиға •
Теңіз түбінде 60 сағат: батып кеткен кемеден тірі адам табылған
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Батып кеткен кеменің ішінде екі жарым тәуліктен астам уақыт өткізген ер адам аман қалған. Оны құтқарушылар су астында қалған бөлмедегі ауа жиналған қуыстан тапқан, деп Malim.kz тілшісі Reuters агенттігінің VOA сайтында жарияланған материалына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға 2013 жылғы мамырда болған. Кемеде аспаз болып жұмыс істеген 29 жастағы Харрисон Окене таңға жуық кеме аударылған кезде ішінде қалып қойған. Бөлмелерге су кіріп, айналаны қараңғылық басқан. Сыртқа шығатын жол іздеген ол ауа сақталып қалған шағын кеңістікке жеткен.

Окененің өмірін сол ауа қуысы сақтап қалған. Кеме су түбіне кеткенімен, оның ішін су түгел баспаған. Алайда су біртіндеп көтеріліп, тыныстауға болатын кеңістік тарыла түскен. Ол суық пен қараңғылықта құтқарушылардың келер-келмесін білмей отырған.

Екі тәуліктен астам уақыт өткенде сүңгуірлер оны тауып алған. Кейін жарияланған құтқару видеосында сүңгуірдің жарығы қараңғы бөлмеге түсіп, тірі адамның бары анықталған сәт көрсетіледі. Окене осы уақыттың бәрінде шағын ауа қуысында тыныстап отырған.

Құтқарушылар оған арнайы тыныс алу жабдығын кигізіп, су бетіне алып шыққан. Ол кеменің батқанынан бері 60 сағаттан астам уақыт өткенін кейін білген.

Окене кемедегі 12 адамның арасынан аман қалған жалғыз адам болған. Өзінің құтқарылғанын ғажайыпқа балағанымен, су астындағы қараңғылықта өткізген сәттері кейін де есінен кетпеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу