freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шәкіртақысына дейін алған: келінінің банк картасын иемденген ене туралы жазба жарияланды

Қоғам •
Шәкіртақысына дейін алған: келінінің банк картасын иемденген ене туралы жазба жарияланды
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Магистратурада оқитын келінінің шәкіртақысы түсетін банк картасын енесі алып қойған. Бұл туралы Mom.life платформасында жазба жариялаған қолданушы өзінің әпкесіне қатысты оқиғаны баяндады. Айта кетейік, бұл – автордың жеке әңгімесі, ондағы мәліметтер тәуелсіз дереккөздер арқылы расталмаған, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылғы 14 сәуірде жарияланған жазбада автор әпкесінің тұрмысқа шыққан кезінде магистратурада оқып, жақсы шәкіртақы алып жүргенін айтқан. Оның сөзінше, бір күні енесі жанжал шығарып, келіні ақша түсетін картасын оған беріп қойған.

Бұл жағдай қыздың туғандарына ауыр тиген. Автор анасының балаларының білім алуына көп күш жұмсағанын, сондықтан қызының оқуымен тапқан қаражатын өз еркімен пайдалана алмауына наразы болғанын жеткізді. Дегенмен анасы жас отбасының ісіне араласпауды жөн көрген.

Бір келін бөлек шыққан соң, екіншісінің жәрдемақысын алған

Автордың айтуынша, әпкесі кейін оқуын аяқтағанымен, мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Уақыт өте күйеуі екеуі бөлек тұра бастаған.

Алайда жазбадағы әңгіме мұнымен аяқталмайды. Автор сол шаңыраққа түскен екінші келіннің балаға алатын жәрдемақысын да енесі алып отырғанын мәлімдеген. Оның сөзінше, келін қаражаттың бір бөлігін де өзіне қалдыра алмайды.

Жазба иесі келіндердің үй жинап, кір жуып, үлкендерге күтім жасайтынын айтып, соған қарамастан олардың ақшасына да бақылау орнатылғанына наразылық білдірген.

Пікірлерде оқырмандар ортақ шығынға келісіп ақша қосу мен адамның бүкіл табысын алып қоюдың айырмасын талқылаған. Ал ененің және оқиғада аталған келіндердің өз пікірлері жарияланымда берілмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу