freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Тұрсынбекке бармашы": Қанат Әлжаппаровтың әйелі ел естімеген шындықты айтты

Қоғам •
"Тұрсынбекке бармашы": Қанат Әлжаппаровтың әйелі ел естімеген шындықты айтты
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Танымал әзілкеш Қанат Әлжаппаров концертінде жұбайының Тұрсынбек Қабатовқа қатысты айтқан сөзін көпшілікпен бөлісті. Әйелінің ерекше ескертуін сахнада әзілге айналдырған өнер иесі көрермендерді күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қанат Әлжаппаров өнердегі әріптесі Тұрсынбек Қабатовты әрдайым ұстаз тұтатынын айтып жүргенін жеткізді. Алайда оның бұл сөзіне жұбайы өзгеше пікір білдірген.

Әзілкештің айтуынша, келіншегі Тұрсынбек Қабатовты өнердегі ұстазы ретінде құрметтеуіне қарсы емес. Бірақ өмірлік мәселелерде одан үлгі алмағанын жөн көрген.

"Мен әрқашан айтып жүремін, Тұрсынбек Қабатов – менің өнердегі, өмірдегі ұстазым. Осылай десем, келіншегім: "Өмірдегі деп айтпашы. Өнердегі ғана ұстазың болсын, өмірде саған сабақ бермесін. Өмірде бірдеңеге миың жетпей жатса, мен-ақ көмектесемін. Ешкімнен ақыл сұрамашы. Астанаға мүлде бармашы", – деді ғой", – деп әзілдеді Қанат Әлжаппаров.

Өнер иесінің бұл әңгімесі концертке жиналған көрермендердің күлкісін туғызды. Әзілкеш отбасында болған әңгімені қалжың ретінде жеткізіп, әріптесіне деген құрметін де жасырмады.

Еске сала кетейік, Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың туған күніне орай әлеуметтік желіде құттықтау жариялаған еді.

Қанат Әлжаппаров кім?

Қанат Әлжаппаров – қазақстандық танымал әзілкеш, актер және тележүргізуші. Ол сахнадағы табиғи болмысымен, күнделікті өмірден алынған әзілдерімен және ерекше орындаушылық мәнерімен көпшілікке танылған.

Өнер жолын Қызылорда қаласында КВН ойындарынан бастаған. Жастар арасындағы әзіл-сықақ сайыстарына қатысып, импровизация жасау қабілетімен көзге түскен. Кейін "Базар жоқ" әзіл-сықақ театрының құрамында өнер көрсетіп, республика көлемінде танымал бола бастады.

Қанат Әлжаппаровтың шығармашылығында отбасылық қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы қызықты оқиғалар мен қоғамдағы түрлі жағдайлар жиі қозғалады. Оның сахналық әзілдерінің бір ерекшелігі – қарапайым тұрмыстық оқиғаларды көрерменге түсінікті әрі күлкілі етіп жеткізуі.

Әзілкеш кино саласында да өзін сынап көрген. Ол "Аппақ келін", "Кеттік бәрін таста", "Хотя бы кинода 3" және "Гәп" секілді комедиялық жобаларға түскен. Сондай-ақ "Пизнесмен Қанат" веб-сериалы арқылы көрерменге актерлік қырын танытты.

Өнер иесінің жұбайының есімі – Нұргүл. Ерлі-зайыптылар Қызылордада танысқан. Бұған дейін берген сұхбатында әзілкеш болашақ жарымен дәмханада кездескенін айтып, таныстық оқиғасын да әзілмен жеткізген.

Қанат Әлжаппаров 2020 жылғы сұхбатында жұбайымен екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырғанын айтқан. Ол концерттерінде отбасы туралы жиі қалжыңдайды. Әзілкештің сөзінше, жарына қатысты сахнада айтылатын әзілдерді алдын ала онымен келісіп алады.

Қанат Әлжаппаров бүгінде әзіл-сықақ сахнасында және кино саласында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық танымал әртістердің бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу