freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңбыр, қар және қатты жел: Қазақстанда 20 қазанда ауа райы қандай болады?

MALIMet •
Жаңбыр, қар және қатты жел: Қазақстанда 20 қазанда ауа райы қандай болады?
Фото: canva.com

"Қазгидромет" мәліметінше, 20 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Павлодар облысында жауын-шашын қатты болады деп болжануда. Елдің солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде үсік жүруі мүмкін. Бірқатар аймақта жел күшейіп, тұман түседі және жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада түнде және күндіз 1-3 градус жылы болады. Күн ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр мен қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда түнде 4-6 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы болады. Күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады.

Шымкентте түнде 8-10 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады. Күн ала бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғады.

Абай облысында ауа температурасы түнде 4-9 градус жылы, оңтүстігі мен шығысында 2 градус аяз, күндіз 9-14 градус жылы, батысы мен солтүстік-батысында 5 градус жылы болады. Түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстігі, шығысы және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы 9-14 м/с, батысы, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, солтүстігі, оңтүстік-батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Ақмола облысында түнде 0-5 градус жылы, батысы мен солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 0-5 градус жылы болады. Түнде жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында түнде 0-5 градус жылы, солтүстігі мен солтүстік-шығысында 5 градус аяз, күндіз 7-12 градус жылы, батысы мен оңтүстігінде 15 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел солтүстік және солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

Алматы облысында түнде 1-6 градус жылы, таулы аудандарда 2-7 градус аяз, күндіз 16-21 градус жылы, таулы аудандарда 5-10 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Атырау облысында түнде 5-10 градус жылы, шығысында 2 градус жылы, күндіз 18-23 градус жылы, шығысында 15 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде 1-6 градус жылы, оңтүстігі мен шығысында 2 градус аяз, күндіз 7-12 градус жылы, солтүстігі, шығысы мен таулы аудандарында 3 градус жылы болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең оңтүстігі, шығысы мен орталығында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Түнде жылдамдығы 9-14 м/с, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында түнде 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 1 градус аяз, батысы мен шығысында 2 градус үсік жүреді. Күндіз 18-23 градус жылы, таулы аудандарда 15 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, таулы аудандарда 15-20 м/с-қа күшейеді.

Жетісу облысында түнде 2-7 градус үсік жүреді, оңтүстігінде 2 градус жылы, таулы аудандарда 7 градус аяз болады. Күндіз 15-20 градус жылы, таулы аудандарда 10 градус жылы күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Алакөл маңында жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде 0-5 градус жылы, батысы мен оңтүстігінде 8 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылы, батысы мен оңтүстігінде 18 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстігі, батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысында түнде 2-7 градус жылы, шығысында 1 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, оңтүстігінде 10-15 градус жылы болады. Таңертең және күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында түнде 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 2 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы болады. Түнде шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, солтүстігі мен батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында түнде 0-5 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы, солтүстігінде 12 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында түнде 10-15 градус жылы, солтүстік-шығысында 5 градус жылы, күндіз 21-26 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан жел 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында түнде және күндіз 2-7 градус жылы, оңтүстігінде 10 градус жылы болады, күндіз ауа температурасы одан әрі төмендейді. Жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз батысы, оңтүстігі мен орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 0-5 градус жылы, батысында 3 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы болады. Түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысында түнде 6-11 градус жылы, солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градус жылы, күндіз 19-24 градус жылы, солтүстігі мен таулы аудандарында 15 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с жылдамдықпен соғады, солтүстігі мен таулы аудандарында 15-20 м/с-қа күшейеді.

Ұлытау облысында түнде 2-7 градус жылы, шығысында 1 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, оңтүстігінде 13 градус жылы болады. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу