freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

173 жолаушы болған: Қазақстан үстінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды

MALIMet •
173 жолаушы болған: Қазақстан үстінде апат сигналын берген ұшақ Омбыға қонды
Самолет S7. Фото:depositphotos.com/ aapsky

Қазақстан әуе кеңістігінде апат сигналын берген S7 Airlines әуе компаниясының ұшағы Омбы әуежайына аман-есен қонды. Новосібірден Махачкалаға ұшып шыққан бортта 173 жолаушы болған, деп Malim.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшақ бағытын неге өзгертті?

Boeing 737-800 әуе кемесі S7 7099 рейсін орындаған. Алайда Қазақстан аумағының үстінен ұшып бара жатқанда экипаж апат сигналын беріп, бастапқы бағытынан кері бұрылған.

Әуе компаниясының мәліметінше, мұндай шешімге техникалық ақау себеп болған. Соның салдарынан ұшақ сапарын Махачкалаға дейін жалғастырмай, Омбы әуежайына бағытталған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі ресейлік ақпарат құралдарына да хабарлаған.

Әуежай басқа рейстің қозғалысын реттеген

Ұшақ Новосібір әуежайынан жергілікті уақытпен сағат 13:20-да көтерілген. Кейін борттағы төтенше жағдай туралы белгі берілген соң, әуе кемесі Омбыға бет алған.

"СуперОмск" басылымының жазуынша, апат сигналын берген ұшақты қабылдау үшін Новосібір – Омбы бағытындағы басқа рейстің қозғалысына өзгеріс енгізілген. Ол ұшақ әуеде қосымша айналым жасап, қону кезегін күткен. Осылайша бағытын өзгерткен S7 бортына алдымен қонуға мүмкіндік берілген.

Қазақстанға қону сұралған ба?

Көкшетау әуежайы экипаждан қонуға рұқсат беру туралы өтініш түспегенін мәлімдеді. Әуе кемесі Ресей аумағына өтіп, Омбыға қонған.

Борт берген 7700 коды жалпы төтенше жағдайды білдіреді және диспетчерлерге ұшақты жедел анықтауға көмектеседі. Бұл оқиғада әуе компаниясы себеп ретінде техникалық ақауды атағанымен, оның нақты сипаты жарияланбаған.

Айта кетейік, техникалық ақауға байланысты ұшу бағытын өзгерту оқиғалары бұған дейін де болған. Мәселен, 2023 жылғы 12 қыркүйекте Сочиден Омбыға ұшқан "Уральские авиалинии" компаниясының Airbus A320 ұшағы Новосібір облысындағы егістікке шұғыл қонған. Әуе компаниясының басшысы Омбыға жақындаған кезде ұшақтың гидравликалық жүйелерінің бірі істен шыққанын мәлімдеген. Бортта 161 жолаушы болған, зардап шеккендер тіркелмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу