freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

21 қазанда кімдер дүниеге келген?

MALIMet •
21 қазанда кімдер дүниеге келген?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

21 қазан — ғылым, қоғамдық өмір және өнер саласында танылған бірқатар тұлғаның туған күні. Олардың қатарында қоғам қайраткері Дос Көшім, экономист Жаннат Ертілесова, өнертапқыш Альфред Нобель және тележұлдыз Ким Кардашьян бар. Malim.kz тілшісі осы күні дүниеге келген танымал есімдер туралы мәлімет ұсынады.

Дос Көшім – 71 жас

Қоғам қайраткері Дос Көшім 1955 жылғы 21 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолында оқытушылықпен айналысып, кейін қоғамдық жұмыстарға араласқан. Қазақ тілінің қолданысы, ұлттық мүдде және азаматтық қоғам мәселелеріне қатысты пікірлерімен танылған. "Әділ сайлау" қозғалысында, "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінде қызмет атқарған.

Жаннат Ертілесова – 70 жас

Экономист Жаннат Ертілесова 1956 жылғы 21 қазанда Алматыда туған. Қазақ мемлекеттік университетінде экономист мамандығын алған. Экономика және қаржы саласындағы мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған. Қаржы министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары болған. Мемлекеттік басқарумен қатар корпоративтік секторда да еңбек еткен.

Эдгард Воцалевскийдің туғанына 91 жыл

Мұнай-газ геологиясы саласының ғалымы Эдгард Воцалевский 1935 жылғы 21 қазанда дүниеге келген. Оның ғылыми еңбектері Қазақстандағы мұнай мен газ қорларын болжауға, іздеуге және барлауға арналған. Геологиялық барлау мекемелерінде бас геолог болып жұмыс істеген. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанып, "Парасат" орденімен марапатталған. Ғалым 2012 жылы өмірден өткен.

Альфред Нобельдің туғанына 193 жыл

Өнертапқыш әрі кәсіпкер Альфред Нобель 1833 жылғы 21 қазанда дүниеге келген. Ол динамитті ойлап тауып, 1867 жылы өнертабысына патент алған. Алайда есімі әлемге тек ғылыми жаңалығымен тараған жоқ. Нобель өз дәулетін адамзатқа пайда әкелген еңбектерді марапаттауға жұмсауды өсиет еткен. Осы өсиет негізінде халықаралық Нобель сыйлығы пайда болды.

Ким Кардашьян – 46 жас

Тележұлдыз әрі кәсіпкер Ким Кардашьян 1980 жылғы 21 қазанда дүниеге келген. Көпшілікке отбасылық реалити-шоу арқылы танылды. Кейін сән және сұлулық индустриясындағы кәсіпкерлік жобаларын дамытты. Телевизиялық жобалармен қатар фильмдерге түсіп, анимациялық кейіпкерлерді дыбыстауға да қатысқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу