freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңбыр, қар және екпінді жел: 21 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

MALIMet •
Жаңбыр, қар және екпінді жел: 21 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: canva.com

"Қазгидромет" болжамынша, 21 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің шығысында жауын-шашын мол түсіп, Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында қалың қар күтіледі. Солтүстік пен шығыста көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде үсік жүруі мүмкін. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 30 метрге жетіп, одан да асады, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада түнде ауа температурасы 0…+2, күндіз +6…+8 градус болады. Аспан ала бұлтты. Түнде аздаған жаңбыр мен қар, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге жетеді.

Алматыда түнде +4…+6, күндіз +15…+17 градус жылы болады. Аспан ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 13 метрге жетеді.

Шымкентте түнде +5…+7, күндіз +18…+20 градус жылы болады. Аспан ала бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады.

Абай облысында түнде 0…+5 градус, батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы +2…+7 градусқа көтеріледі. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 9-14 метр, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 метр болады. Күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 24-29 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде 0…+5 градус, солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін аяз, күндіз +5…+10 градус жылы болады. Солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар, шығысында жаңбыр, қар жауады. Түнде солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, солтүстігі мен шығысында екпіні 23-28 метрге жетеді.

Ақтөбе облысында түнде 1-6 градус аяз, оңтүстігінде 2 градусқа дейін жылы болады. Күндіз ауа температурасы +12…+17 градусқа көтеріледі. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, түнде солтүстік-шығысында екпіні 15 метрге жетеді.

Алматы облысында түнде +1…+6 градус жылы, таулы аудандарда 1–6 градус аяз болады. Солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +13…+18, таулы аудандарда +3…+8 градус жылы болады. Түнде оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр мен қар, күндіз оңтүстігінде жаңбыр, таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 метрге, күндіз шығысында кей уақытта 23-28 метрге жетеді.

Атырау облысында түнде +4…+9, шығысында +1 градус, күндіз +15…+20 градус жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде 0…+5 градус, солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +2…+7 градус жылы, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда 1 градусқа дейін аяз күтіледі. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Шығысы мен таулы аудандарында қалың қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 9–14 метр, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 метр болады. Күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 24-29 метрге жетеді.

Жамбыл облысында түнде 0…+5 градус жылы, таулы аудандарда 5 градусқа дейін аяз болады. Батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +13…+18, таулы аудандарда +10 градус жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде таулы аудандарда, күндіз солтүстік-шығысы мен таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысында түнде 0…+5 градус жылы, таулы аудандарда 5 градусқа дейін аяз болады. Солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +5…+10, оңтүстігінде +13 градус жылы болады. Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарда 15-20 метр болады. Кей уақытта желдің екпіні 23-28 метрге жетеді. Алакөл көлдері маңында секундына 30 метрге жетіп, одан да асады.

Батыс Қазақстан облысында түнде 0…–5 градус, батысы мен оңтүстігінде +3 градусқа дейін жылы болады. Күндіз +10…+15, батысы мен оңтүстігінде +18 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысында түнде +1…+6 градус жылы, солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +2…+7, оңтүстігінде +12 градус жылы болады. Түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге, түнде кей уақытта 25 метрге жетеді.

Қостанай облысында түнде 0…+5 градус, батысы мен оңтүстігінде 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +8…+13, батысы мен оңтүстігінде +16 градусқа дейін жылынады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында түнде 0…+5 градус жылы болады. Батысы мен солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы +13…+18 градусқа көтеріледі. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысында түнде +10…+15, солтүстік-шығысында +5 градус, күндіз +20…+25, солтүстік-шығысында +15 градус жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында түнде 0…+5 градус, батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +3…+8 градус жылы болады. Жаңбыр мен қар жауады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, батысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде 0…+5 градус, шығысында 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +5…+10 градус жылы болады. Түнде шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар, солтүстігінде аздаған жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Түркістан облысында түнде +4…+9, таулы аудандарда +2 градус жылы болады. Солтүстігінде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +16…+21, солтүстігі мен таулы аудандарында +13 градус жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, солтүстігі мен таулы аудандарда 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысында түнде 0…+5 градус, шығысында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +10…+15, шығысында +7 градус жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстік-батыстан, батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Таңертең және күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 метрге жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу