freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бірін төрт жыл күткен, бірі сахнада танысқан: күйеуі өзінен кіші қазақстандық жұлдыздар

Шоу-бизнес •
Бірін төрт жыл күткен, бірі сахнада танысқан: күйеуі өзінен кіші қазақстандық жұлдыздар
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Бірінің махаббаты Павлодардағы киіз үйден басталса, екіншісінің болашақ жары төрт жыл бойы көңілін табуға тырысқан. Қазақстан шоу-бизнесінде күйеуі өзінен кіші танымал әйелдер аз емес. Оларды кім табыстырды, алғашқы сезім қалай пайда болды? Жұлдыздардың өздері айтқан танысу тарихын жинадық, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерке Есмахан мен Raim: Павлодардағы киіз үйде басталған таныстық

Әнші Ерке Есмахан күйеуі, орындаушы Райымбек Бақтыгереевтен, яғни Raim-нан 12 жас үлкен. Олардың махаббат хикаясы 2018 жылы Павлодарда басталған.

Ерке алғашқы кездесуін кейін сол қаладағы концертте еске алған. Екеуі өнер көрсетуге келген кезде, концерт өтетін жерде тігілген киіз үйдің ішінде танысыпты. Әнші үшін сол себепті Павлодардың орны бөлек.

"Павлодар – біз үшін махаббат бекеті", – деген Ерке.

Алғашқы таныстықтан кейін олар бірден шаңырақ көтермеген. Еркенің айтуынша, қарым-қатынастары түрлі сынақтан өткен. 2023 жылы жұп некесін ресми тіркеген. Кезінде бір сахнаға әріптес ретінде келген қос әнші кейін сол жерге ерлі-зайыпты болып оралған.

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов: төрт жыл бойы көңілін табуға тырысқан

Мәдина Сәдуақасова мен режиссер Олжас Смағұловты тележоба табыстырған. Әнші "Төрлетіңіз" бағдарламасында жұбайының өзінен жеті жас кіші екенін айтқан.

Олардың таныстығы "Таң қалмаңыз" бағдарламасында басталған. Мәдинаға жобаны жүргізу ұсынылып, түсірілімге келгенде Олжаспен кездескен. Алғашында екеуі тек жұмыс барысында жүздесіп жүрген. Кейін режиссер сезімін білдірген.

Бірақ әншінің жүрегін жаулау оңай болмаған: Мәдинаның айтуынша, Олжас төрт жыл бойы оның көңілін табуға тырысқан. Ақыры 2013 жылғы 8 қыркүйекте, әншінің туған күнінде, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Тойлары да екеуі үшін ерекше күнге – Олжастың туған күніне сәйкес келген. Осылайша түсірілім алаңындағы таныстық отбасылық өмірге ұласқан.

Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов: экрандағы кездесуден өмірдегі жұпқа дейін

Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаеваның жары – актер Ғазрет Ержанов. KAZ.NUR.KZ мәліметінше, Ғазрет жұбайынан бес жас кіші. Екеуі "Рауза" телехикаясында бірге ойнаған.

Көрермендер олардың қарым-қатынасы ортақ жобадан кейін басталды деп болжаған. Алайда Ғазрет НТК тілшісіне берген сұхбатында сезімнің сериал түсіріліп жатқан кезде пайда болғанын нақтылаған.

"Сериалдан кейін басталды ма?" деген сұраққа актер:

"Жоқ, сериалдың кезінде", – деп жауап берген.

Жұп 2023 жылдың наурызында некесін заңдастырған. Дегенмен жеке өмірінің егжей-тегжейін көпшілікке жариялауға асықпаған. Ғазрет сұхбатында да отбасылық өмірді жеке кеңістігі ретінде сақтағысы келетінін білдірген.

Актердің жауабы мен неке туралы мәлімет НТК-ның өз материалында берілген.

Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров: "Продюсерім бол" деген ұсыныстан басталған жақындық

Әнші Баян Нұрмышеваның жұбайы – өнердегі әріптесі Ерлан Орынбасаров. Ерлан Баяннан үш жас кіші.

Олардың таныстығы сахна сыртындағы әңгімелерден басталған. Ерлан әріптесіне қандай бейнебаян түсіруге болатынын айтып, сахналық бейнесіне қатысты кеңес беріп жүрген. Гастроль кезінде де әндерін телеарна мен радиоға ұсынуға шақырып, қолдау көрсеткен.

Баян алғашында бұл жанашырлықтың махаббатқа ұласатынын ойламапты. Керісінше, Ерланға продюсері болуды өзі ұсынған.

Ерлан әуелі жауапкершіліктен жүрексініп, келіспеген. Кейін Баянның шығармашылық материалдарын қарап, бірге жұмыс істеуге кіріскен. Кәсіби қолдау бірте-бірте жақындыққа айналған.

Бір қызығы, үйленгеннен кейін Баян сахнадан кетіп, үй шаруасымен айналысқысы келгенде, Ерлан оның өнерін жалғастыруына қолдау білдірген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу