freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді

Әлем •
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қатарына енді
Көрнекі фото: istockphoto.com

Қазақстан әлемдегі ең қуатты әрі ықпалды мемлекеттердің қатарында 34-орынға көтерілді. Бұл туралы World Population Review платформасында жарияланған Most Powerful Countries 2026 рейтингіндекөрсетілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық тізімде Қазақстан 100 мемлекеттің арасынан 34-орын иеленіп, Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Норвегия, Сауд Арабиясы және Пәкістан секілді бірқатар елден жоғары орналасты.

World Population Review мәліметінше, рейтинг мемлекеттердің тек экономикасының көлемін емес, олардың халықаралық аренадағы жалпы ықпалын бағалайды. Мұнда экономикалық және саяси ықпал, көшбасшылық, халықаралық одақтар мен әскери әлеует сияқты көрсеткіштер ескеріледі.

Қазақстанның алғашқы 35 елдің қатарына енуі елдің халықаралық саясаттағы салмағы мен сыртқы байланыстарының рейтингтік бағалауда жоғары көрсеткішке ие болғанын аңғартады.

Соңғы жылдары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясатта көпвекторлы дипломатияны сақтау, шетелдік инвестиция тарту, халықаралық ұйымдармен ықпалдастықты кеңейту және Орталық Азиядағы байланыстарды күшейту бағыттарына басымдық беріліп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа рейтинг Қазақстанның халықаралық позициясындағы өзгерістерді бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштердің бірі саналады.

Посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі жоғары нәтиже көрсетті. Ресей рейтингте 11-орында орналасқан. Қазақстан Украина, Литва, Беларусь, Өзбекстан, Латвия, Эстония, Армения және Грузиядан жоғары тұр.

Рейтингтің алғашқы үштігіне Қытай, АҚШ және Үндістан енді. Одан кейін Германия, Жапония және Оңтүстік Корея орналасқан. Ал алғашқы ондықты Франция, Ұлыбритания, Мексика және Италия толықтырды.

Айта кетейік, World Population Review бұл рейтингте U.S. News & World Report-тың Best Countries зерттеуіндегі power көрсеткіштерін пайдаланады. Бағалау елдердің әскери қуатын ғана емес, экономикалық ықпалын, саяси беделін, халықаралық серіктестіктері мен көшбасшылық әлеуетін де қамтиды.

Қазақстанның 34-орынға орналасуы – елдің халықаралық ықпалы бірнеше өлшем бойынша жоғары бағаланғанын көрсететін нәтиже.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу