Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Назгүл өлім аузынан аман қалды": Азамат Сатыбалды әйелінің ел естімеген құпиясын айтты

Қоғам •
"Назгүл өлім аузынан аман қалды": Азамат Сатыбалды әйелінің ел естімеген құпиясын айтты
Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина. Фото: instagram.com/azamatc

Белгілі актер Азамат Сатыбалды жары Назгүлдің денсаулығына байланысты отбасы басынан өткерген қиын кезең туралы айтты. Өнер иесі жұбайының төрт ай бойы ауруханада жатып, өмір мен өлім арасында арпалысқанын еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Актер бұл туралы журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, өзі тоғыз балалы отбасында кенже болып өскендіктен, болашақта көпбалалы әке атануды армандаған. Алайда жұбайының денсаулығына байланысты ерлі-зайыптылар бір баламен шектелген.

"Мен тоғыз баланың кенжесі болып, мейірімге қанып өскен соң, көп балам болғанын қаладым, жасырмаймын. Бірақ Назгүлдің денсаулығына байланысты бізде бір ұл болып қалды. Назгүл төрт ай ауруханада жатты. Өте қиын-қыстау кезең болды, шыны керек. Өлім мен өмірдің арасында отырды. Сол кезде мен Назгүлден айырылып қаламын ба деп қорықтым. Жарыңнан айырылу өте қиын ғой. Сол кезде қатты уайымдадым. Соншама қиын кезеңдерді артқа тастап, ұлымыз үлкен азамат болып, енді өзіміз үшін өмір сүрейік дегенде әйелің кетіп қалса, бітті ғой бәрі... Алайда анам мен әкемнің дұғасы бар, мен тіледім, Назгүл өз күшімен тұрып кетті. Әкем ерекше жақсы көрді, тоқтамай дұға жасады", – деді Азамат Сатыбалды.

Тағы да оқыңыз: "Қазір бірге болмас еді": Азамат Сатыбалдының жұбайы күйеуінің құпиясын ашып қойды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу