Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Жаман әйел болмайды": Ырысбала Икрамбайдың жазбасы көпшілікті ойландырды

Шоу-бизнес •
"Жаман әйел болмайды": Ырысбала Икрамбайдың жазбасы көпшілікті ойландырды
Фото-коолаж: malim.kz / ЖИ арқылы өңделген

Танымал блогер әрі кәсіпкер Ырысбала Икрамбай әйелдің болмысы мен отбасындағы қарым-қатынас туралы мағыналы жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогер Instagram парақшасында қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтің "Өкпек жолаушы" шығармасынан үзінді келтіріп, әйелдің нәзіктігі мен жан дүниесіне қоршаған ортаның ықпалы туралы ой қозғады.

"Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз. Арал теңізінің суы тартылып, тұзы молайғанда әсем ақ шабақтар жан сақтау үшін түрі мен түсін өзгертіп, балшыққа кіріп тіршілік етеді екен. Біз суы азайып, тұзы молайған теңіз сияқты, әйелдерімізді дөрекілендіріп алғанбыз. Біз олардың алдында, олардың өліп бара жатқан нәзіктігі мен тазалығының алдында мәңгі бақи айыптымыз. Сол қасиетті тұншықтырғанымыз үшін біз күнәһармыз", – делінген блогер бөліскен жазбада.

Ырысбаланың жарияланымы желі қолданушыларының назарын аударды. Жазбаға 25 мыңнан астам адам лүпіл басып, 2 мыңнан аса пікір қалдырған. Олардың арасында танымал әнші Жазира Байырбекова да бар.

Алайда блогер бұл жазбаны қандай жағдайға байланысты жариялағанын нақтыламаған.

Еске салайық, бұған дейін Ырысбала Икрамбайдың бауырының үйлену тойында уыстап ақша шашқан сәті көпшіліктің талқысына түскен еді. Бұл туралы Malim.kz жазған болатын⁠.

Ырысбала Икрамбай кім?

Ырысбала Мейрамханқызы Икрамбай – қазақстандық блогер, кәсіпкер және қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы. Өзінің айтуынша, ол 1995 жылы дүниеге келген. Туған жері – Түркістан облысының Шардара ауданы.

Ырысбала әлеуметтік желіде отбасы, бала тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы орны, тұрмыс-тіршілік және әлеуметтік мәселелер туралы жазбаларымен танылған.

Блогердің есімі әсіресе «Ырысты армия» қайырымдылық бастамасы арқылы елге кеңінен таныла бастады. Ол оқырмандарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, баспанаға мұқтаж, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға көмектескен.

2023 жылғы 30 қаңтарда Шымкент қаласында "Ырысты" қоғамдық қайырымдылық қоры тіркелген. Қордың басшысы – Ырысбала Икрамбай.

2024 жылы блогер халықтың қолдауымен 97 баспананы тұрмысқа қажетті жабдықтарымен бірге табыстағанын мәлімдеді. Бастапқыда 100 отбасын баспаналы етуді мақсат еткен ол кейін қайырымдылық жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдағанын да хабарлады.

Ырысбала Икрамбай – бес баланың анасы. Ол 2025 жылдың желтоқсанында бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Жолдасы Роман екеуі кенже қыздарына Карина есімін берген. Блогер баласының дүниеге келгені туралы сүйінші хабарды әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөліскен.

Ол әлеуметтік желіде отбасылық өмірінің қуанышты сәттерімен қатар, ана ретінде кездесетін қиындықтары туралы да ашық айтып келеді. Сондай-ақ қоғамда қызу талқыға түскен мәселелерге қатысты өз пікірін білдіруден тартынбайды. Оның кейбір мәлімдемелері көпшіліктің қолдауына ие болса, енді бірі қызу пікірталас тудырып жатады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу