Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

28 қарашада кімдер дүниеге келген?

MALIMet •
28 қарашада кімдер дүниеге келген?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

28 қараша – қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні. Сондай-ақ бұл күні әдебиет, ғылым мен кино саласында есімі әлемге танылған тұлғалар дүниеге келген. Malim.kz тілшісі олардың өмірі мен еңбегіне шолу ұсынады.

Жұмекен Нәжімеденов

1935 жылғы 28 қарашада ақын, жазушы, аудармашы Жұмекен Нәжімеденов дүниеге келген. Биыл оның туғанына 91 жыл толады.

Ақын қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде туған. Қазақ әдебиетінде философиялық ойға құрылған өлеңдерімен, адам болмысын терең ашатын шығармаларымен ерекшеленді.

Алғашқы жыр жинағы "Балауса" деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Кейін "Сыбызғы сыры", "Күй кітабы", "Мезгіл әуендері", "Менің топырағым" секілді кітаптары оқырманға жол тартты. Проза саласында "Ақ шағыл", "Кішкентай", "Даңқ пен дақпырт" романдарын жазды.

Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстанның Мемлекеттік әнұранына негіз болған "Менің Қазақстаным" әнінің бастапқы мәтінінің авторы. Оның аудармалары арқылы қазақ оқырманы Сағди, Михаил Лермонтов, Александр Блок және өзге де қаламгерлердің шығармаларымен танысты. Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов

Айқын Қоңыров

1972 жылғы 28 қарашада қазақстандық саяси қайраткер Айқын Қоңыров дүниеге келген. Ертең ол 54 жасқа толады.

Бұрынғы Көкшетау облысының Куйбышев кентінде туған. Көкшетау мемлекеттік университетінде және Қарағандыдағы "Фемида" заң академиясында білім алған.

Еңбек жолын слесарь болып бастап, кейін кәсіпкерлікпен, баспа ісімен және саяси қызметпен айналысқан. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бірнеше шақырылымында депутат болған.

Әсет Мағауов

1972 жылғы 28 қарашада мұнай-газ саласының маманы Әсет Мағауов дүниеге келген. Ол да 54 жасқа толады.

Қазіргі Атырау облысында туған. И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтында отын-энергетика кешенінің экономикасы мен менеджменті бойынша білім алған.

Еңбек жолын "Теңізмұнайгаз" өндірістік бірлестігінде экономист болып бастаған. Әр жылдары мұнай-газ компанияларында басшылық қызмет атқарып, энергетика және мұнай-газ саласына жауапты вице-министр болған.

Стефан Цвейг

1881 жылғы 28 қарашада австриялық жазушы Стефан Цвейг дүниеге келген. Биыл туғанына 145 жыл толады.

Венада туған қаламгер адамның ішкі сезімін, жан арпалысын бейнелейтін психологиялық шығармаларымен танылды. Оның "Бейтаныс әйелдің хаты", "Амок", "Қорқыныш" туындылары әлем оқырмандарына кеңінен таныс.

Цвейг көркем прозамен қатар тарихи тұлғалардың өмірін де зерттеген. Мария Антуанетта, Фридрих Ницше және басқа да қайраткерлер туралы өмірбаяндық еңбектер жазған.

Уильям Блейк

1757 жылғы 28 қарашада ағылшын ақыны, суретші әрі гравюра шебері Уильям Блейк дүниеге келген. Оның туғанына 269 жыл толады.

Лондонда туған өнер иесі әдебиет пен бейнелеу өнерін қатар алып жүрген. Өлеңдерін суреттерімен ұштастырып, өзіндік көркем әлем қалыптастырған. Блейктің еңбектері ағылшын поэзиясы мен бейнелеу өнері тарихында ерекше орын алады.

Клод Леви-Стросс

1908 жылғы 28 қарашада француз антропологі Клод Леви-Стросс дүниеге келген. Биыл туғанына 118 жыл толады.

Ол Брюссельде француз отбасында туған. Әртүрлі халықтардың мәдениетін, мифтерін, туыстық қатынастары мен қоғамдық құрылымын зерттеген. Ғылыми еңбектері құрылымдық антропологияның дамуына ықпал етіп, гуманитарлық ғылымдарда кеңінен талқыланды.

Эд Харрис

1950 жылғы 28 қарашада америкалық актер әрі режиссер Эд Харрис дүниеге келген. Ертең ол 76 жасқа толады.

Кино өнерінде тарихи тұлғалардан бастап күрделі мінезді кейіпкерлерге дейін сан алуан образ сомдаған. Актерлік еңбегі үшін төрт рет "Оскар" сыйлығына ұсынылған.

Харрис режиссер ретінде де танылған. Ол суретші Джексон Поллоктың өміріне арналған "Поллок" фильмін түсіріп, басты рөлін өзі орындаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу