Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Кімге тұрмысқа шығамын?": Толқын Забирова күйеуі туралы ел естімеген құпиясын ашты

Қоғам •
"Кімге тұрмысқа шығамын?": Толқын Забирова күйеуі туралы ел естімеген құпиясын ашты
Толқын Забирова күйеуімен. Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

Қазақстандық танымал әнші Толқын Забирова жолдасы Сафардың өзіне қалай үйленуге ұсыныс жасағанын еске алды. Өнер иесі романтикалық сәт күтпегенін, тіпті күйеуінің сөзін алғашында түсінбей қалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасында қазіргі жастардың үйленуге ұсыныс жасау дәстүрі туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінде жігіттер сүйіктілерін таңғалдыру үшін ерекше тәсілдер ойлап тауып жүр.

"Қазір қарап отырсаң, үйленуге ұсыныс жасаудың қаншама түрі бар. Меніңше, жастар таңғалдыру үшін тек ғарышқа ұшпаған шығар. Су астында да, аспанда да, аралдарда да ұсыныс жасап жүр. Әрине, мұның бәрі өте романтикалық болып көрінеді", – деді әнші.

Толқын Забирова өзіне жасалған ұсыныстың мүлде басқаша болғанын жасырмады. Оның сөзінше, бір күні күйеуі Сафар екеуі достарымен бірге асүйде отырып, әңгімелескен. Сол кезде Сафар күтпеген жерден үйлену тойына қажетті заттарды сатып алу туралы сөз қозғаған.

"Достарымызбен асүйде отырғанбыз. Әңгіме қызу жүріп жатқан. Бір кезде Сафар: "Дүкенге барып, костюм, көйлек, сақина сатып алу керек", – деді. Мен одан: "Не үшін?" – деп сұрадым", – деп еске алды әнші.

Алайда болашақ күйеуі оның бұл сұрағына таңғалып, өзіне тұрмысқа шығу туралы ойын жеткізген.

"Ол маған түсінбей тұрсың ба дегендей қарады да: "Сен не, тұрмысқа шықпайсың ба?" – деді. Мен оған қарап: "Кімге?" – деп сұрадым", – дейді Толқын Забирова.

Әншінің айтуынша, ол күйеуінің үйленуге ұсыныс жасап тұрғанын бірден аңғармаған. Тіпті артынша: "Бұл маған үйленуге жасаған ұсынысың ба?" деп нақтылап сұраған. Сафар болса оған қысқа ғана жауап берген. Толқын Забирова бұл оқиғаның романтикалық болмағанын айтқанымен, күйеуінің мінезін дәл көрсететінін жеткізді.

"Мүмкін, мұнда романтика жоқ шығар. Бірақ бұл – күйеуімнің бар болмысы. Ол мұндай нәрсені әдемілеп, романтикалық түрде жеткізе алмаған шығар", – деді әнші.

Өнер иесі қарапайым түрде басталған отбасылық өмірінің ұзақ жылдарға жалғасқанын атап өтті.

"Бірақ, Алла қаласа, келесі жылы бірге өмір сүргенімізге 30 жыл толады", – деп түйіндеді Толқын Забирова.

Әнші осы оқиғасы арқылы әр отбасының өз тарихы болатынын және сезімді білдіру үшін міндетті түрде ерекше рәсім ұйымдастыру қажет емес екенін аңғартты.

Толқын Забирова кім?

Толқын Забирова – қазақстандық танымал эстрада және опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент.

Өнер иесі 1970 жылы 17 қазанда бұрынғы Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға қызығушылық танытып, кәсіби музыкалық білім алған.

1988-1993 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алып, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың сыныбын үздік тәмамдаған.

Толқын Забирова қазақ эстрадасында опералық ән айту дәстүрін кеңінен насихаттаған өнерпаздардың бірі саналады. Ол халықаралық музыкалық байқауларға қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер атанған. 1995 жылдан бастап Құрманғазы атындағы консерваторияда ұстаздық қызмет атқарған. Әншілікпен қатар ғылыми-педагогикалық жұмыспен де айналысады.

2008 жылы оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу