Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында республикалық тасжолдың бір бөлігі жабылады: шектеу кімдерге қатысты?

Қоғам •
Ақтөбе облысында республикалық тасжолдың бір бөлігі жабылады: шектеу кімдерге қатысты?
Жол. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу енгізіледі. Шектеу 26 қараша күні сағат 20:00-ден бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Malim.kz.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, қозғалысқа шектеу "РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы" республикалық автожолының 776-965 шақырым аралығында енгізіледі.

Бұл – Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ кентінің арасындағы жол учаскесі.

Қандай көліктерге жол жабылады?

Ауа райының нашарлауына байланысты аталған бағытта:

  • Жүк көліктерінің;
  • Қоғамдық көліктердің;
  • Жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Шектеу аталған көлік түрлеріне қатысты. Сондықтан осы бағытпен жол жүруді жоспарлаған жүргізушілер сапар алдында жолдың жағдайын нақтылап алғаны жөн.

Жол қашан ашылады?

Алдын ала жоспар бойынша, көлік қозғалысы 27 қараша күні сағат 08:00-де қайта ашылады. Алайда жолдың нақты ашылу уақыты ауа райы мен жолдағы жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.

Жүргізушілер жолдың ашылғанын қайдан біле алады?

Жол қозғалысына қатысты өзекті ақпаратты "ҚазАвтоЖолдың" 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райын, көліктің техникалық жағдайын және дөңгелектердің маусымға сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу