Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сені кездестіргелі": Ақбота-Нұрдың жаңа жазбасындағы JM кім?

Шоу-бизнес •
"Сені кездестіргелі": Ақбота-Нұрдың жаңа жазбасындағы JM кім?
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет Instagram парақшасында өмірде кездейсоқ болмайтын кездесулер туралы жазып, өзіне жақын жанға сезімін білдірді. Ол жазбасының соңына бұған дейін де көпшіліктің назарын аударған "JM" әріптерін қалдырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өмірде кездейсоқ емес кездесулер болады...

Сені кездестіргелі махаббаттың жаңа қырын таныдым. Сенің жаныңда мен тек сүйікті әйел емес, еркелей алатын, армандай алатын, жүрегіндегі сезімін жасырмайтын нәзік жанға айналдым.

Менің көзімде сен – мінезі мықты, ойы терең, өзіне сенімді, ерекше болмысы бар ер азаматсың. Сенің бойыңдағы мен үшін ең қымбат қасиет – маған сыйлаған ерекше сезімдерің.

Біз мінсіз емеспіз. Бірақ бірге өткізген әрбір сәтіміздің мен үшін өзіндік мәні бар.

Кейбір адамдар өмірімізге жай ғана келеді, ал кейбіреулері жүрегімізде тұтас бір әлемге айналады.

Сен – менің жүрегімдегі ерекше әлемсің.
JM

Еске салайық, бұған дейін Ақбота-Нұр жүзі көрінбейтін жігітті құшақтап тұрған суретін жариялаған еді. Ол суреттің астына "Махаббат JM" деп жазған. Сол кезде желі қолданушыларының бір бөлігі "JM" әріптерін әнші Мирас Жүгінісовтің аты-жөнімен байланыстырып, суреттегі жігіт сол болуы мүмкін деп болжады. Ақбота-Нұр жаңа жазбасында да кімге сөз арнағанын ашып айтпады. Мирас Жүгінісов туралы болжам әзірге расталған жоқ.

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет кім?

Ақбота-Нұр Сейітмағамбет – қазақстандық әнші, актриса және тележүргізуші. Ол 1996 жылы 22 қазанда Кентау қаласында дүниеге келген. С. Бәйтереков атындағы музыка мектебін бітірген. Өзінің айтуынша, бала кезінде скрипкада ойнауды үйренген, ал 2012 жылы "Кентау аруы" атанған. 2015 жылы "КешYOU" тобына қосылып, эстрадаға танылды. Топ құрамында жүргенде бейнебаян түсіру үшін Үндістанның Гоа штатына барған.

Ақбота-Нұр киноға 2016 жылы келді. Ол Асқар Ұзабаевтың "Гламур для дур" фильмінде ауылдан Алматыға келіп, әлеуметтік желі арқылы танылуды армандайтын Ұлжанның рөлін сомдады. Кейін "Тақиясыз періште", "Қалай да той жасау", "Өрмек" және "Мыстан" жобаларына түсті. Әнші жеке шығармашылығын да жалғастырып келеді. 2023 жылы "Жылайды" әнін, ал 2026 жылы "Тірегімсің" синглін шығарды.

Өнер иесі бұрынғы жұбайы, актер Дәурен Айдарқұловпен алғашқы фильмінің түсірілімінде танысқан. Екеуінің ортақ ұлы мен қызы бар. 2024 жылы әнші есімін ресми түрде өзгерткенін жариялады. Өзі көрсеткен жаңа жеке куәлікте аты-жөні "Даирбек Ақбота-Нұр" деп жазылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу