Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші Айдана Меденованың сахналық образына қатысты пікір білдірді. Ол өнер иесінің Instagram парақшасында жариялаған видеосының астына сын жазып, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Айдана Меденова әлеуметтік желідегі парақшасында жаңажылдық бағдарлама түсірілімінен видео жариялаған. Оның сахналық образына Мақпал Жүнісова да пікір қалдырған.
"Мен мұндай лосинмен үйде уборка жасаймын", – деп жазды халық әртісі.

Мақпал Жүнісованың пікірі желі қолданушылары арасында талқыланып, оған жауап жазғандар да табылды. Олардың бірі әншінің сөзін әзілге айналдырып, "Сіздің лосиніңіз сахнада хит болып жатыр ғой, әпкетай", – деп пікір қалдырған.
Айта кетейік, Айдана Меденова кезінде "КешYOU" тобының құрамында өнер көрсетіп, кейін жеке шығармашылығын жалғастырған. Соңғы жылдары сахнадан алыстаған әнші көпшілік алдына қайта шығып, өнер көрсетіп жүр.