Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экс-министр Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды

Саясат •
Экс-министр Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" басшысы болып тағайындалды
Ерсайын Нағаспаев. Фото: ҚТЖ

Қазақстанның бұрынғы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Malim.kz.

24 қарашада "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаевты ұлттық компанияның басшысы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұған дейін ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарған. Дәл осы күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен министр лауазымынан босатылды.

Ерсайын Нағаспаев бұған дейін де "Қазақстан темір жолы" компаниясында еңбек еткен. Атап айтқанда, 2021-2025 жылдары ұлттық компанияның басқарушы директоры қызметін атқарды.

Ол Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінде, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басшылық қызметтер атқарған.

Бұдан бөлек, Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және "Астана" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған.

2025 жылғы 28 ақпанда Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 2026 жылғы 24 қарашаға дейін атқарды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу