Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ешкімнің хақы жоқ": Тоқаев ірі компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты қатаң мәлімдеме жасады

Саясат •
"Ешкімнің хақы жоқ": Тоқаев ірі компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты қатаң мәлімдеме жасады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты. Ашығын айтқанда, бұл – мемлекеттік компанияларда жемқорлық белең алғанын көрсететін аса күрделі жағдай.

Жалпы, заң бойынша тергеу мәселелерін жариялауға немесе ашып көрсетуге болмайды. Оның үстіне тергеу жұмысы да енді басталды.

Алайда қазірдің өзінде мына нәрсені анық айтуға болады: бұл – біз "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын жариялап, оны Конституциямызда мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің басты қағидаты ретінде бекіткелі бері біртұтас жүйеге кіретін мемлекеттік компанияларда болып тұрған сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы ірі іс.

Еліміздің Конституциясы 15 наурызда жалпыұлттық референдум кезінде бірауыздан қабылданды, 1 шілде күні заңды күшіне енді. Осылайша, мемлекетіміздің бас құжаты әділетті түрде "Халық Конституциясы" деп аталды.

Конституцияның ережелері мен баптарын бұзуға, халқымыздың осы қасиетті құжатын келемеж жасауға, кемсітушілік көрсетуге ешкімнің де хақы жоқ".

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу