Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Сүйінші!": Нұрлан Албан отбасындағы қуанышын бөлісті

Шоу-бизнес •
"Сүйінші!": Нұрлан Албан отбасындағы қуанышын бөлісті
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші Нұрлан Албан ұлының Отан алдындағы әскери борышын өтеп, шаңырағына аман-есен оралғанын хабарлады. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі оқырмандарына жеткізіп, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Баласының елге оралуына қуанған әнші Instagram парақшасында жазба жариялаған. Ол ұлын аман-есен қарсы алғанын айтып, әскери қызметте жүрген өзге сарбаздарға да ақ тілегін арнады.

"Сүйінші! Балам Отан алдында әскери борышын өтеп, аман-есен шаңыраққа оралды. Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!" – деп жазды Нұрлан Албан.

Осылайша, өнер иесі отбасындағы қуанышты көпшілікпен бөлісіп қана қоймай, әскердегі әр азаматтың жақындарымен амандықта қауышуына тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Malim.kz өнер адамдарының несиеге қатысты мәлімдемелеріне арналған шолуда Нұрлан Албанның да банк алдындағы міндеттемесі туралы айтқанын жазған еді. Әнші 2025 жылы жарияланған сұхбатында несиесін төлеп жүргенін жеткізген.

Нұрлан Албан кім?

Нұрлан Албан – қазақстандық әнші, музыкант әрі жүргізуші. Оның үлкен сахнадағы шығармашылық жолы 1999 жылы республикалық "Жас қанат" байқауына қатысудан басталған. Сол сайыста дипломант атанып, "Көрермен көзайымы" аталымын иеленген.

2000 жылы Алматыдағы Студенттер сарайында "Болдым ғашық өзіңе" атты алғашқы жеке концертін өткізді. Ал 2001 жылы "Үркер" тобының құрамына қабылданып, ұжымда он жылға жуық өнер көрсетті.

Кейін жеке шығармашылығын дамытып, 2010 жылы екі альбом шығарды. "Қарттарым, аман саумысың?", "Сәлем, Қазақстан!" әндеріне бейнебаян түсірді.

Сондай-ақ "Қазақстан дауысы" жобасында тәлімгер болды. Жобаның алғашқы маусымында оның тобындағы Шахаризат Сейдахмет жеңімпаз атанды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу