Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Саясат •
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді
Фото: Ақорда

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған шұғыл отырысы өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың Telegram арнасында жариялаған ақпаратына сәйкес, жиында саланың қазіргі жағдайы мен алдағы даму бағыттары талқыланады.

Мемлекет басшысы ұлттық компаниялар басшыларының ұсталуына қатысты мемлекеттің ұстанымын да білдірмек.

"Жиын барысында Президент "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы "Заң мен Тәртіп" қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады", – деп хабарлады Айбек Смадияр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу