Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев әлемге танымал технологиялық инвестор Баладжи Шринивасанды қабылдады

Саясат •
Тоқаев әлемге танымал технологиялық инвестор Баладжи Шринивасанды қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School халықаралық технологиялық жобасының негізін қалаушы Баладжи Шринивасанмен кездесті. Тараптар Қазақстанда цифрлық технологияларды дамыту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесуде Президент Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйені дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ осы бағыттағы әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде білім беру, ғылым және цифрлық технологиялар саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жұмыстар жаңа буын технологиялық көшбасшыларын даярлауға бағытталған.

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бастамасына тоқталды

Президент Баладжи Шринивасанға Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған "Халықтық құрылыс" бастамасы туралы айтып берді.

Мемлекет басшысының сөзінше, аталған бағдарлама болашақ ұрпаққа маңызды мұра қалдыруды көздейді.

Жоба аясында ел бойынша әлеуметтік инфрақұрылымды кеңейту жоспарланған. Атап айтқанда, жаңа мектептер, университеттер мен медициналық мекемелер салу қарастырылып отыр. Осы ретте Президент адами капиталды дамыту мен заманауи білім беру жүйесін қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Астанадағы Network School жобасы кеңейеді

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елордада Network School Kazakhstan жобасының іске қосылғанын құптады.

Президент жобаның қазақстандық университеттермен, стартаптармен және технологиялық кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отырғанын оң бағалады.

Network School Kazakhstan – кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім әзірлеушілерді біріктіретін халықаралық жоба. Оның негізгі мақсаты – Қазақстандағы талантты мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашу, инновациялық кәсіпкерлікті қолдау және халықаралық технологиялық қауымдастықпен байланыс орнату.

Баладжи Шринивасан Қазақстанның әлеуетін жоғары бағалады

Өз кезегінде Баладжи Шринивасан Қазақстанда озық технологиялар мен экономиканың дәстүрлі салалары тиімді үйлесіп отырғанын атап өтті.

Ол Network School Kazakhstan жобасын дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Жоспарға сәйкес, жоба цифрлық шешімдерді ілгерілетуге, адами капиталды дамытуға және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестиваліне инвестициялық қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға алғыс білдірді.

Баладжи Шринивасан кім?

Баладжи Шринивасан – Кремний алқабында танылған технологиялық кәсіпкер әрі инвестор.

Ол бұған дейін әлемдегі ірі криптовалюта платформаларының бірі Coinbase компаниясында техникалық директор қызметін атқарған. Сондай-ақ Andreessen Horowitz венчурлық қорында бас серіктес болған.

Бұдан бөлек, ол технологиялар мен цифрлық қауымдастықтардың болашағына арналған The Network Stateкітабының авторы.

Айта кетейік, Network School Kazakhstan жобасы Астанада 2026 жылғы қыркүйекте ресми түрде іске қосылған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу