Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Бәрін тастап, үнсіз қалғым келді": Қайрат Түнтеков жан сырын ақтарды

Шоу-бизнес •
"Бәрін тастап, үнсіз қалғым келді": Қайрат Түнтеков жан сырын ақтарды
Фото: ашық дереккөздерден алынған

Әнші Қайрат Түнтеков шығармашылық жолындағы қиындықтары туралы айтып, тыңдармандарына алғыс білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші өмірінде қуанышты сәттермен қатар, ауыр кезеңдердің де болғанын жасырмады. Кейде бәрінен бас тартып, көпшіліктен алыстағысы келгенін жеткізді. Алайда өнерге деген сүйіспеншілігі сахнадан біржола кетуге жібермеген.

"Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән – менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна – менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді", – деп жазды Қайрат Түнтеков.

Өнер иесінің жазбасы желіде қолдау тапты. Пікір қалдырғандардың арасында әнші Ақбота Сейітмағамбет пен актриса Айзада Оразалы да бар.

Қайрат Түнтеков бұл жазбасында алдағы концерттері мен жаңа әндерінің шығатын уақытын нақтыламаған.

Қайрат Түнтеков кім?

Қайрат Түнтеков – қазақстандық эстрада әншісі, "SuperStar KZ" жобасының екінші маусымының жеңімпазы. Ол 1986 жылғы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Өнерге жас кезінен араласып, 2000 жылы 14 жасында халықаралық "Бозторғай" байқауының бас жүлдесін иеленген. Ал 2005 жылы "SuperStar KZ" жобасында жеңіске жетіп, есімі елге кеңінен танылды.

Әнші халықаралық "Жаңа толқын" байқауында төртінші орын алған. Кейін "I'm a Singer Kazakhstan" жобасына қатысып, осы музыкалық сайыстың да жеңімпазы атанды. Финалда Маржан Арапбаевамен бірге Майкл Джексонның "Earth Song" әнін орындады. Оның жеңісі туралы ақпарат 2018 жылғы 1 қаңтарда жарияланды.

Қайрат Түнтековтің репертуарында "Алау сезім", "Арманымсың", "Сағындым мен", "Өшпес сезім", "Жаным" секілді әндер бар. Сондай-ақ тыңдармандарына "Осы толқында" және "Тек сені" туындыларын ұсынған. Өнер жолында үзілістер болғанымен, әнші кейін музыкалық жобаларға қатысып, жаңа шығармаларын жарыққа шығарып отырды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу