Тауда серуендеу кезінде құздан құлап қаза тапқан миллиардердің өліміне байланысты оның 45 жастағы ұлы ұсталған. Алғашында жазатайым оқиға деп қаралған іс кейін адам өлтіру күдігімен қайта тергеле бастаған. 2026 жылғы мамырда болған бұл оқиға туралы Reuters материалына сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.
Әлемге танымал киім сату желісінің негізін қалаған 71 жастағы кәсіпкер 2024 жылғы желтоқсанда ұлымен бірге тауға шыққан. Серуен кезінде ол биіктігі жүз метрден асатын құздан құлап, көз жұмған. Ұлы оқиғаның жалғыз куәгері болған. Алғашында полиция мұны жазатайым жағдай ретінде қарастырған.
Алайда кейін тергеу қайта басталып, кәсіпкердің өлімі адам өлтіру болуы мүмкін деген нұсқа тексерілген. 2026 жылғы 19 мамырда полиция марқұмның ұлын ұстап, жауап алған. Одан кейін ол сотқа жеткізілген.
Судья бір миллион еуро кепіл белгілеген. Кепіл төленгеннен кейін ер адам босатылғанымен, паспортын тапсыруға, өңірден шықпауға және аптасына бір рет сотқа келіп тұруға міндеттелген.
Мамырдың соңында ол компаниядағы басшылық қызметінен кететінін мәлімдеген. Қызметкерлерге жолдаған хатында кінәсін жоққа шығарып, бар күшін өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге жұмсағысы келетінін жазған.