Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қатты есірдім": Серік Ибрагимов алғашқы фильмінен кейінгі жағдайын ашық айтты

Шоу-бизнес •
"Қатты есірдім": Серік Ибрагимов алғашқы фильмінен кейінгі жағдайын ашық айтты
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші әрі кинопродюсер Серік Ибрагимов "Интеллигентно қу" жобасында алғашқы "Заманback" фильмін түсіру кезінде кездескен қиындықтары мен табыстан кейінгі өзгерісі туралы әңгімеледі. Өнер иесі киносы сәтті шыққан соң бойында тәкаппарлық пайда болғанын жасырмады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, алғашқы киножобасын жүзеге асыру оңайға соқпаған. Ол қаражат жинау үшін таныстарынан қарыз сұрап, фильм түсіруге тәуекел еткен. Сол кезде бастамасына сенген адамдардың аз болғанын еске алды.

"Ешкім сенген жоқ қой. Тек әйелім мен азын-аулақ достарым сенді. Әйеліме рақмет", – деді Серік Ибрагимов.

Өнер иесінің сөзінше, кейбір таныстары оны бұл ойынан қайтаруға тырысқан. Фильмге қаржы іздеп жүргенде қолдау таппаған сәттері көңіліне тигенін де айтты.

"Бір миллион теңгемен бастап, әркімнен қарыз сұрап түсіріп алдым. Киноның шығыны 130-140 миллиондай болды. Сол кезде бәріңе ренжіп қалғанмын. 200 мың теңге сұрасам, бермеген кездер болды", – деп еске алды әнші.

Серік Ибрагимов қиын кезеңде демеу болған жандардың арасында Мейрамбек Беспаевтың да бар екенін атап өтті. Әнші бұған дейін де өнердегі ағасының алғашқы киножобасына қолдау көрсетіп, ақыл-кеңесін бергенін айтқан еді.

Алайда алғашқы фильмінің табысы өнер иесінің мінезіне де әсер еткен. Ол көптен тілеп жүрген арманы орындалғаннан кейін өзін бұрынғыдан өзгеше ұстай бастағанын мойындады.

"Мен қатты есірдім. Негізі, Құдайдан: "Е, Құдай, берші маған", – деп сұрап алған дүнием ғой. Сонымен, ақшаның жарататынын жаратып, машина алдық, үйттік, бүйттік", – деді ол.

"Заманback" қандай фильм?

"Заманback" – 2024 жылы жарық көрген, комедия, драма және фантастика элементтері тоғысқан қазақстандық фильм. Режиссері – Дархан Сәркенов, продюсері – Серік Ибрагимов. Басты рөлді Рамазан Амантай сомдаған.

Оқиға өз өміріне көңілі толмайтын Азат есімді жігіттің төңірегінде өрбиді. Қаржылық қиындықтары үшін әкесін кінәлайтын ол күтпеген жерден 1994 жылға тап болады. Сол жерде ата-анасының жас кезін көріп, олардың үйленуіне кедергі жасау арқылы өзінің болашағын өзгертпек болады. Фильмде әке мен бала қарым-қатынасы, отбасы және адамның өз өміріне жауапкершілігі сөз болады.

Серік Ибрагимов кім?

Серік Ибрагимов – қазақстандық эстрада әншісі, кинопродюсер. Ол 1988 жылы 22 қаңтарда Қызылорда облысының Түгіскен ауылында дүниеге келген. Музыкалық білімін Қызылордада бастап, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жалғастырған. Көпшілікке "Кел маған", "Вокзалда қауышқан қыз" секілді әндері арқылы танылды. Лирикалық шығармаларымен тыңдарман ықыласына бөленген өнер иесі еліміздің түрлі өңірінде концерт беріп келеді.

Кейін әншілікпен қатар кино өндірісіне бет бұрды. "Заманback" оның кинопродюсер ретіндегі алғашқы толықметражды жобасы болды. Фильмді түсіру алдында бұл саланы бірнеше жыл зерттегенін айтқан. Алғашқы картинасы Қырғызстанның Бішкек және Токмак қалаларында түсірілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу