Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Каспий теңізінде ауқымды тексеріс жүргізілді: ҰҚК нәтижесін жариялады

Қоғам •
Каспий теңізінде ауқымды тексеріс жүргізілді: ҰҚК нәтижесін жариялады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қазан айында Каспий теңізінде заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында бірқатар іс-шара өткізді. Нәтижесінде 126 құқық бұзушы ұсталып, 44 шағын көлемді кеме тоқтатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізілген тексерулер барысында 11,5 келі есірткі заты тәркіленген. Сонымен қатар заңсыз балық аулауға арналған жалпы ұзындығы 88 шақырым болатын құралдар анықталып, алынды.

Браконьерлердің ауларынан бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің 2337 данасы табылған. Олардың барлығы табиғи тіршілік ету ортасына қайта жіберілді.

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде құқық бұзушыларға жалпы сомасы 4,5 миллион теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынған.

Шекара қызметінің есебінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке келтірілуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу