31 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Шығыста көктайғақ, ал Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Үш мегаполисте күн жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы −1…−3°C, күндіз +9…+11°C болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3–8, күндіз 5–10 м/с-қа жетеді.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C болады. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы — 3–8 м/с.
Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C болады. Солтүстік-шығыстан 2–7 м/с жел соғады.
Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде −1…−6°C, солтүстігінде +2°C, күндіз +8…+13°C күтіледі. Батыстан 9–14 м/с жел соғып, шығысында 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде −1…−6°C, батысы мен орталығында +2…+7°C, күндіз +13…+18°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
Алматы облысында түнде таулы аудандарда аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде −1…−6°C, оңтүстігінде +3°C күтіледі. Күндіз +10…+15°C, тауда 0…+5°C болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, түнде таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+7°C, шығысында −1°C, күндіз +15…+20°C күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде −1…−6°C, батысы мен оңтүстігінде +3°C, күндіз +15…+20°C болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы — 7–12 м/с.
Жамбыл облысында жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде −1…−6°C, оңтүстігінде +3°C күтіледі. Күндіз +12…+17°C, тауда +8°C болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жетісу облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде −3…−8°C, оңтүстігінде +1°C, таулы аудандарда −11°C болады. Күндіз +10…+15°C, тауда +7°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Алакөл көлдері маңында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде −2…−7°C, шығысында −10°C, оңтүстігінде +1°C болады. Күндіз +4…+9°C, батысы мен оңтүстігінде +12°C күтіледі. Оңтүстік-батыстан 7–12 м/с жел соғып, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында жауын-шашын күтілмейді. Түнде шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1…−6°C, күндіз +10…+15°C болады. Батыстан 7–12 м/с жел соғады.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Түнде 0…+5°C, солтүстігі мен орталығында −3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +15…+20°C болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде +5…+10°C, солтүстік-шығысында +1°C, күндіз +16…+21°C күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғып, батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысында түнде солтүстігінде, шығысында және орталығында аздаған жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын болмайды. Түнде 0…+5°C, оңтүстігінде −3°C, күндіз +5…+10°C болады. Батыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Түнде −1…−6°C, шығысында +3°C, күндіз +7…+12°C күтіледі. Батыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысында түнде жауын-шашын болмайды, таулы аудандарда тұман түседі. Күндіз оңтүстігінде және тауда жаңбыр жауады. Түнде +3…+8°C, солтүстігі мен таулы аудандарында −2°C болады. Күндіз +17…+22°C, солтүстігі мен тауда +13°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғып, таулы аудандарда 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауады. Күндіз осы аумақтарда жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі. Батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде −1…−6°C, оңтүстігінде +2°C болады. Күндіз +1…+6°C, шығысы мен таулы аудандарында −2°C күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Абай облысында түнде солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде −1…−6°C, солтүстігінде +2°C, күндіз +5…+10°C күтіледі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғып, күндіз батысы мен солтүстігінде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысында жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Түнде −2…−7°C, шығысында −10°C, батысында +1°C болады. Күндіз +9…+14°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады.