Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұятын-ай": Жазира Байырбекова құдаларының алдында ұятқа қалғанын айтты

Шоу-бизнес •
"Ұятын-ай": Жазира Байырбекова құдаларының алдында ұятқа қалғанын айтты
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші Жазира Байырбекова ұлының үйлену тойын өткізгенімен, құдаларын арнайы шақырып, құдалық жасамағанын айтты. Өнер иесі енді осы басқосуды ұйымдастыруға кірісіп, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші әлеуметтік желіде құдалық өткізуге қолайлы орын іздеп жүргенін жеткізген. Оның айтуынша, құдаларын үйде де қарсы алмақ. Дегенмен қонақтарды кешке мейрамханаға шақыру нұсқасын да қарастырып отыр.

"Екі бала үйленген кезде той жасадық, бірақ әлі құдалық жасамадық. Ұятын-ай. Содан құдалық жасайық, ұзап кетті деп мейрамхана іздеп жүрміз. Қайда жасаған дұрыс? Бізге ақылдарыңыз керек. Үйде де күтеміз, бірақ күндіз үйде, кешке мейрамханаға апару керек шығар", – деді Жазира Байырбекова.

Өнер иесі осылайша оқырмандарынан мейрамхана таңдауға көмектесуді сұраған. Әзірге құдалықтың нақты қай күні және қай жерде өтетінін айтқан жоқ.

Ұлының үйлену тойы қашан өтті?

Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбек пен Асылының үйлену тойы 2026 жылғы 26 наурызда өтті. Өнерлі жұп көпшіліктің өтінішімен қуанышты кешті тікелей эфирден көрсеткен. Осылайша тойды шақырылған қонақтармен бірге желідегі көрермендер де тамашалауға мүмкіндік алды.

Тойдан кейін Жазира Байырбекова ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғыс айтып, шақырылған адамдардың басым бөлігі келгеніне қуанғанын жеткізді. Әнші алғашқы үлкен отбасылық тойының ойдағыдай өтуіне атсалысқан жандарға ризашылығын білдірген.

Жазира Байырбекованың келіні кім?

Әншінің келіні – Асылы Төленді. Ол тұрмысқа шығар алдында Абу-Дабиде сәулет өнері мамандығы бойынша білім алған.

Қазыбек болашақ жарының суретін алғаш әлеуметтік желіден көрген. Кейін оның әпкесі арқылы танысуға ниет білдіріп, Асылы оқып жүрген елге барған. Жастар танысып, араласқаннан кейін отбасын құруға шешім қабылдаған.

Қазыбек сүйіктісіне Мальдив аралдарында үйленуге ұсыныс жасаған. Той алдындағы сұхбатында ол Асылының оқуын Қазақстанда жалғастыруға келіскендерін айтқан.

Ал Асылы болашақ ата-енесінің өзін жылы қабылдағанын жеткізген. Ол Қазыбектің сабырлы әрі қамқор мінезін ұнататынын айтса, Қазыбек қалыңдығының әзілін және адамдармен тіл табыса білетінін бағалайтынын бөліскен.

Жазира Байырбекова кім?

Жазира Байырбекова – қазақстандық эстрада әншісі, "Жанболат пен Жазира" дуэтінің мүшесі. Ол 1978 жылғы 30 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысындағы Пақташы елді мекенінде дүниеге келген.

Өнерге бала кезінен қызығып, домбыра тартып, ән айтқан. Мектептің домбыра оркестрінде өнер көрсетіп, аудандық және облыстық байқауларға қатысқан. 1992 жылы Алматыға "Тамаша" ойын-сауық отауының кешіне шақырылып, "Сәулем-ай" халық әнін орындаған.

Кейін жұбайы Жанболатпен бірге дуэт құрып, қазақ эстрадасында кеңінен танылды. Әншінің репертуарындағы "Армансыз күнім болмайды", "Қыз бақыты", "Арман-ау арман" секілді туындылар тыңдарманға таныс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу