Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мұғалімге қысым көрсетуге болмайды": Тоқаев мектептердегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Білім-ғылым •
"Мұғалімге қысым көрсетуге болмайды": Тоқаев мектептердегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің артық жұмысқа жегіліп, оқушылар тарапынан дөрекілік пен күш көрсету жағдайларына тап болып жатқанын айтты. Мемлекет басшысы ұстаздардың құқығы мен абыройын қорғау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Президент 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы білім беру саласындағы реформалар мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, олардың негізгі міндетін сапалы орындауына жағдай жасауға бағытталуы тиіс екенін айтты.

"Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр.

Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек.

Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр.

Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек.

Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес.

Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес.

Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек.

Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу