freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Келінінің қолындағы белгіні көрген ене той үстінде күтпеген шындықты білген

Оқиға •
Келінінің қолындағы белгіні көрген ене той үстінде күтпеген шындықты білген
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Ұлының үйлену тойына келген әйел қалыңдықтың қолындағы туа біткен белгіні байқап, оның көп жыл бұрын жоғалтқан қызы болуы мүмкін екенін түсінген. Осылайша, екі жастың қуанышы күтпеген отбасылық кездесуге ұласқан, деп хабарлайды Malim.kz.

INQUIRER.net басылымының 2021 жылғы сәуірде жариялаған материалына сүйенсек, күйеу жігіттің анасы болашақ келінінің қолынан таныс белгіні көрген. Дәл сондай белгі оның кішкентай кезінде жоғалып кеткен қызында да болған.

Күдігі күшейген әйел қалыңдықтың ата-анасынан қызды асырап алған-алмағанын сұраған. Бұл сауал ерлі-зайыптыларды абдыратып тастаған. Өйткені олар бұл құпияны көпшілікке айтпаған екен.

Ақырында жұп жиырма жылдан астам уақыт бұрын жол жиегінен кішкентай қыз тауып алып, оны өз баласындай өсіргенін жеткізген. Басылымның жазуынша, осы әңгімеден кейін әйел қалыңдықты жоғалған қызы деп таныған. Шындықты естіген бойжеткен туған анасын құшақтап, көзіне жас алған.

"Онда күйеу жігіт кім?"

Күтпеген жаңалық қалыңдықты тағы бір сұрақпен бетпе-бет қалдырған: егер болашақ енесі туған анасы болса, тұрмысқа шыққалы отырған жігіті оның бауыры болып шықпай ма?

Алайда әйел ұлын да асырап алғанын түсіндірген. Жарияланымда оның қызынан айырылғаннан кейін ұл бала асырап алғаны айтылған. Демек, екі жастың арасында қан туыстығы болмаған.

Осыдан кейін үйлену тойы жалғасқан. Қалыңдық сол күні жарымен шаңырақ көтеріп қана қоймай, көп жылдан бері көрмеген туған анасымен де қауышқан. Болашақ келінін қарсы алуға келген әйел үшін бұл күн жоғалған қызын қайта тапқан күнге айналған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу