Бір-бірін мектеп кезінен білетін екі құрбы 17 жылдан кейін туған әпкелі-сіңлілі екенін анықтаған. Отбасылық құпияның ашылуына әлеуметтік желіге жарияланған бір сурет себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz.
АҚШ-тағы Эшли Томас пен Латоя Уимберлидің оқиғасы туралы басылым 2020 жылы жазған. Екеуі мектепте танысып, жақын досқа айналған. Алайда әкелері бір екенін білмеген.
Бір күні Эшли Facebook парақшасына Латояның суретін жариялайды. Оны көрген анасының құрбысы қыздың әкесін танитынын айтады. Осы әңгімеден кейін Латоя әкесінен Эшлидің анасы туралы сұрайды.
Кеннет Уимберли онымен жас кезінде қысқа уақыт кездескенін, кейін байланыстары үзілгенін жеткізген. Әйелдің жүкті болғанынан хабары болмаған. ДНҚ сараптамасы Кеннеттің Эшлидің де биологиялық әкесі екенін растаған.
Ең таңғаларлығы — Кеннет қызымен бұрыннан араласып жүрген. Эшли үйіне қонаққа келіп, кейде көлігіне қатысты көмек сұраған. Бірақ ол қызының құрбысы өз перзенті екенін білмеген.
Бұл жаңалық Эшлиге оңай тимеген: жылдар бойы жанында жүрген адамның әкесі екенін қабылдауға уақыт қажет болған. Ал екі құрбының балалары да өзара дос болып шыққан. Осылайша олар достықпен байланысқан отбасылардың шын мәнінде туыс екенін білген.