freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақбаян Мұқанғалиева Алматыда ем қабылдайды

Қоғам •
Ақбаян Мұқанғалиева Алматыда ем қабылдайды
Фото-коллаж: ult.kz

Ата-анасы мен екі бауырынан айырылған Ақбаян Мұқанғалиева ем қабылдау үшін Алматыға келді. Оның қай медициналық мекемеге жүгінгені және емделу мерзімі әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін туыстары Ақбаянды Алматыдағы немесе Астанадағы білікті мамандарға көрсетуді жоспарлап отырғанын айтқан. Сондай-ақ емін жалғастыруға қолдау қажет екенін жеткізген еді.

Ақбаян алғашқы сұхбатында аптасына екі рет психологқа барып жүргенін баяндаған. Ол денсаулығын қалпына келтіріп, бес баласын өз қамқорлығына қайтаруды қалайтынын айтқан. Қазір оған жақындары қолдау көрсетіп келеді.

Оқиға туралы

Ақбаян Мұқанғалиева Атырау облысының Жангелдин ауылында болған қылмыста ата-анасы мен екі бауырынан айырылған. Осы іс бойынша оның бұрынғы күйеуі Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

Оқиғадан кейін Ақбаян ем қабылдап, дәрігерлердің бақылауында болған. Туыстарының айтуынша, оған жақындарының қазасы туралы әлі хабарламаған. Мамандар оның мұндай ауыр хабарды қабылдауға әзірге дайын емес екенін ескерткен.

Бес баласы уақытша арнайы мекемелерге орналастырылған. Ақбаян емін жалғастырып, балаларымен қайта қауышуды мақсат етіп отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу