freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақ еліне тағы бір сәби: Мөлдір Мұқан қандай шешім қабылдады?

Шоу-бизнес •
Қазақ еліне тағы бір сәби: Мөлдір Мұқан қандай шешім қабылдады?
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан сәби сүйе алмай жүрген бір отбасына көмектесетінін мәлімдеді. Ол экстракорпоралды ұрықтандыруға (ЭКО) қажетті барлық шығынды көтеруге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі ата-ана болуды аңсаған жұптардың кейбірі ұзақ әрі қиын жолдан өтетінін атап өткен. Осыны ескерген продюсер бір отбасының ем алуына толықтай демеушілік жасауды жоспарлап отыр.

Әзірге көмек көрсетілетін отбасының қалай таңдалатыны белгісіз. Сондай-ақ қатысу шарттары, ем жүргізілетін клиника мен бағдарламаның басталу мерзімі туралы мәлімет жарияланбаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың сахнадағы әзілдеріне қатысты ренішін білдірген еді. Бұл туралы "15 жыл материал қылған": Мөлдір Мұқан Тұрсынбекке ренішін айтты" атты материалымызда жазған болатынбыз.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер, әнші және актриса. Ол балаларға арналған "ММ" өнер мектебін ашып, жас өнерпаздарды қолдаумен айналысқан. Көпшілікке әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де таныс.

Мамандығы – экономист. Өзінің сұхбатында экономика факультетін үздік дипломмен бітіріп, 21 жасынан мемлекеттік қызметте жұмыс істегенін айтқан. Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін отбасына көбірек уақыт бөлуді ойлап, өнер мектебін ашуға шешім қабылдаған.

Мөлдірдің өнерге жақындығы бала кезінен басталған. Анасы өнер адамы болған, ал өзі бауырларымен бірге отбасылық ансамбльде өнер көрсеткен. Оның айтуынша, баян, домбыра және фортепианода ойнайды.

Продюсер ретінде домбырашы әрі әнші Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген. Сонымен қатар отбасылық экран туындыларын түсіруге атсалысып, өзі де актерлік қырынан көрінген. Өнер мектебінің басты мақсаты баланы жұлдыз ету емес, оның қабілетін ашып, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына көмектесу екенін айтқан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу