freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресейде соғысқа тартылған қазақстандықтардың 12-сі елге оралды

Қоғам •
Ресейде соғысқа тартылған қазақстандықтардың 12-сі елге оралды
Фото-коллаж: Stan.kz

Ресейге жұмыс іздеп барып, кейін Украинадағы соғысқа тартылған 13 Қазақстан азаматын әскери міндеттен босату мәселесі оң шешілді. Олардың 12-сі елге аман-есен оралған. Ал тағы бір азамат әзірге Ресейде қалып, Қазақстанға өз бетінше қайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев Instagram парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресейде әскери қызметтен босатылған қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары нәтижесін берген. Қазіргі уақытта 12 азамат Қазақстанға жетіп, жақындарымен қауышқан.

Ал он үшінші азамат елге өз мүмкіндігімен қайтуды жөн көрген. Сондықтан оның әзірге Ресей аумағында қалып отырғаны айтылды.

"Бұл – ата-ананың көз жасы, отбасының үміті"

Мейірман Шекеев қазақстандықтардың елге оралуы олардың отбасылары үшін ерекше қуаныш болғанын жеткізді.

Заңгер бұл мәселені шешуге қатысқан азаматтар мен мемлекеттік органдарға алғыс білдірді.

"Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көңіл толқығанда не айтарыңды да білмей қалады екенсің… Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің осы іске атсалысқан әрбір өкіліне және осы балалардың елге аман-есен оралуына титтей де себепші болған барша азаматтарға ата-аналардың атынан және өз атымнан шын жүректен алғысымды білдіремін", – деп жазды ол.

Заңгердің сөзінше, бұл жаңалықты соғыс аймағына тап болған азаматтардың ата-аналары мен жақындары ұзақ күткен.

"Бұл – жай ғана қайту емес. Бұл – ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, Қазақстан азаматтарының елге оралуы. Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында болуы үшін еңбек еткен барша азаматтарға мың алғыс!" – деді Мейірман Шекеев.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу