freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ойымды оқығандай болдыңыз": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға тағы сыйлық жасады

Шоу-бизнес •
"Ойымды оқығандай болдыңыз": Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға тағы сыйлық жасады
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Продюсер Баян Алагөзова Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешоваға киім сыйлап, қуантты. Ол актрисамен кездесуінен түсірілген видеоларды Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесу барысында продюсер өнер иесіне дизайнер Аида Кауменованың брендінен мамық күртеше мен сәнді жакет тарту еткен. Меруерт Өтекешова сыйлықтардың бірін үстіне киіп көріп, ризашылығын білдірді.

"Сіз менің ойымды оқығандай болдыңыз", – деді актриса.

Жарияланған кадрларда қос өнер иесінің құшақтасып, жылы қоштасқанын көруге болады. Алайда бұл жолғы сыйлықтың қандай да бір мерекеге немесе оқиғаға байланысты берілгені нақтыланбаған.

Ал 3 қарашада өтетін "Қазақ аруы – 2026" байқауы Меруерт Өтекешова мен "Қыз Жібек" фильміне арналмақ. Байқаудың күні билет сату парақшасында көрсетілген. Баян Мақсатқызы бұған дейін актрисаны құрметті қонақ ретінде шақырып, қатысушыларды фильмдегі әйгілі қызғылт қамзол үлгісіндегі киімдермен сахнаға шығару жоспарын айтқан еді.

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға бұған дейін де бірнеше рет құрмет көрсеткен. Алғашқы кездесулерінің бірінде актрисаға тон мен гауһар тасты сырға сыйлап, Алматыдан пәтер алып беруге уәде еткен болатын. Сол басқосуда "Қыз Жібек" фильміндегі тарихи қамзол да актрисаға қайта ұсынылған. Бұл жөнінде Malim.kz материалынан оқуға болады⁠.

Сондай-ақ продюсер жұбайы Тұрсынғали Алагөзов екеуінің атынан өнер иесіне өмір бойы ай сайын бір миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсеткісі келетінін мәлімдеген. Ол бұл бастамасын актрисаның қазақ өнеріне қосқан үлесіне деген алғысымен түсіндірген.

Кейін продюсер пәтер туралы уәдесін орындап, Меруерт Өтекешоваға жиһазбен жабдықталған баспананың кілтін табыстады. Бұған қоса, актрисаға Түркияға екі адамға арналған демалыс жолдамасын сыйлады. Ал тарихи қамзолдың өзіне қайтарылғанын Меруерт Өтекешова кейінірек айтып, оны музейге өткізуді жоспарлағанын жеткізді.

Меруерт Өтекешова кім?

Меруерт Қаратайқызы Өтекешова – театр және кино актрисасы, қазақ көрерменіне Жібек бейнесімен танылған өнер иесі. Ол 1951 жылы 25 ақпанда Орал қаласында дүниеге келген. 1968 жылы мектеп бітірген тұста "Қыз Жібек" фильмінің басты рөліне шақырылған. Осы туынды жас актрисаның есімін елге танытты.

Кейін Құрманғазы атындағы өнер институтының театр факультетінде оқып, Хадиша Бөкеевадан тәлім алған. Театрдағы алғашқы рөлдерінің бірі – Шыңғыс Айтматовтың "Ана – Жер-Ана" қойылымындағы Әлиман бейнесі. Меруерт Өтекешова – "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері. Оның жұбайы, марқұм актер Құман Тастанбеков "Қыз Жібек" фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу