freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Баян Мақсатқызы «Қазақ аруын» Меруерт Өтекешоваға арнайды

Шоу-бизнес
Баян Мақсатқызы «Қазақ аруын» Меруерт Өтекешоваға арнайды
Фото-коллаж: Malim.kz / ЖИ

"Қазақ аруы" байқауының жаңа маусымы «Қыз Жібек» фильмі мен актриса Меруерт Өтекешоваға арналады. Бұл туралы продюсер Баян Мақсатқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. 

Баян Мақсатқызының айтуынша, байқауға Меруерт Өтекешова арнайы қонақ ретінде шақырылады. Ал сахнаға шығатын арулар "Қыз Жібек" фильміндегі әйгілі қызғылт қамзолдың үлгісінде тігілген киімдермен өнер көрсетпек.

Продюсер фильмдегі түпнұсқа қамзолдың өзіне табысталуын кездейсоқтық деп санамайтынын айтты. Кейін ол Меруерт Өтекешованың жеке баспанасы жоқ екенін біліп, жұбайы Тұрсынғали Алагөзовпен бірге актрисаға толық жабдықталған пәтер сыйлауға шешім қабылдаған.

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға өмір бойы жыл сайын 1 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсететінін мәлімдеді.

"Қазақ аруы" байқауын қазан немесе қараша айында өткізу жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу