Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Келіні сәбізден енесінің жоғалған жүзігін тапқан

Оқиға •
Келіні сәбізден енесінің жоғалған жүзігін тапқан
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Кешкі асқа көкөніс жинаған әйел сәбіздің сыртына қыстырылып қалған гауһар жүзікті тауып алған. Сөйтсе, әшекейді оның енесі 13 жыл бұрын жоғалтып, бұл туралы күйеуіне айтпаған екен, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғалған жүзіктің орнына басқасын сатып алған

Мэри Грэмс есімді әйел бақшадағы арамшөптерді жұлып жүріп, өзіне қымбат жүзігін жоғалтып алған. Бірнеше күн іздегенімен, әшекей табылмаған.

Ақыры ол жоғалтқанын күйеуіне айтпай, орнына басқа жүзік сатып алған. Жаңа әшекей бұрынғысынан кішірек болғанымен, жұбайы айырмашылықты байқамаған.

Ал жоғалған жүзік туралы ұлы білген. Арада жылдар өткен соң Мэри оны қайта табудан үмітін үзген.

Итке бермек болған сәбізден әшекей шыққан

Күтпеген олжаны Мэридің келіні Коллин Дейли тапқан. Ол кешкі асқа сәбіз жинап жүріп, пішіні өзгеше көкөністі байқайды. Алғашында оны итке бермек болған.

Бірақ сәбізді жуған кезде сыртындағы жүзік көзіне түскен. Көкөніс әшекейдің ортасынан өсіп, оны айнала жуандаған екен.

Коллин олжасын күйеуіне көрсеткен. Жүзіктің жоғалғанын білетін ұлы анасына қуанышты хабарды жеткізген.

13 жылдан кейін де саусағына шақ келген

Сол кезде 84 жаста болған Мэри бұл жаңалыққа бірден сене қоймаған. Алайда жүзікті көргенде өзінің әшекейін таныған.

Оны бүлдірмей шығару үшін сәбізді кесуге тура келген. Топырағынан тазартылған жүзік арада 13 жыл өтсе де, иесінің саусағына дәл келген.

Өкінішке қарай, Мэридің күйеуі бұл қуанышты сәтке куә болмаған: ол жүзік табылардан бес жыл бұрын өмірден өткен. Ал әйел жоғалттым деп ойлаған қымбат естелігін қайта тағып, қуанышын отбасымен бөліскен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу