Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда түлкімен серуендеген адам видеоға түсіп қалды

Қоғам •
Алматыда түлкімен серуендеген адам видеоға түсіп қалды
Фото-коллаж: видеодан скриншот \ ЖИ арқылы өңделген

Алматыда ер адам көшеде жирен түлкіні қарғыбаумен жетектеп жүрген. Ерекше серуеннің видеосына байланысты HALYQSTAN редакциясы Экология және табиғи ресурстар министрлігінен түсініктеме сұраған, , деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің мәліметінше, жабайы түлкіні үйде ұстауға тыйым салынған. Бұл талап Экология министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы №85 бұйрығында көрсетілген. Алайда аң өсіру шаруашылықтарында өсірілген түлкілерге аталған шектеу қолданылмайды.

Яғни арнайы шаруашылықта өсірілген түлкіні қажетті ветеринариялық құжаттары болған жағдайда үйде ұстауға болады.

Мұндай жануарларды серуендетуге де тыйым жоқ. Дегенмен иесі айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аумақтық инспекцияға құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексеру жүргізуді тапсырған.

HALYQSTAN тілшісі Алматы қалалық полиция департаментіне де сауал жолдаған. Алайда материал жарияланғанға дейін жауап келмеген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу