Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ұялғаннан кейінге шегердім": Дархан Мұсаев шешімін өзгертті

Шоу-бизнес •
"Ұялғаннан кейінге шегердім": Дархан Мұсаев шешімін өзгертті
Фото: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

Актер әрі продюсер Дархан Мұсаев тікелей эфирде алдын ала белгілеген жоспарын өзгертуге мәжбүр болғанын айтты. Өнер иесі жұрттың "тағы да хайп қуалады" деген сөзінен қысылғанын жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме актердің "Сүйемін деші" фильмінің көрсетілімі туралы болып отыр. Мұсаев туындысын қараша айының ортасында көрерменге ұсынуды жоспарлаған. Алайда бұрынғы жұбайы Дариға Бадықованың фильмі де сол кезеңге белгіленгенін білген соң, премьераны кейінге қалдыруды жөн көрген.

"Қысқасы, қарашаның ортасына қойғанмын мен. Сөйтсем, сол кезге қойылып қойыпты да. "Ойбай, ертең тағы да хайп қуалады деп айта ма?" деп, шынымды айтайыншы, сонымен киноны тағы да әрі қарай шегердім. Амал жоқтан. Содан ұялдым мен", – деді Дархан Мұсаев тікелей эфирде.

Актердің сөзінше, екі туындының бір мезгілде жарыққа шығуы көпшілік тарапынан басқаша қабылдануы мүмкін. Сондықтан ол көрсетілім уақытын өзгерткен. Дархан Мұсаев бұл мәлімдемесінде фильмнің жаңа шығу күнін нақтыламады.

Бұған дейін біз Дархан Мұсаевтың қайта үйленгенін мәлімдеп, оқырмандарынан сүйінші сұрағаны туралы жазған едік. Актер некеге отырғанын өзі хабарлағанымен, сол кезде жаңа жұбайының кім екенін жарияламаған.

Дархан Мұсаев кім?

Дархан Мұсаев – қазақстандық театр және кино актері, продюсер. Көрерменге "Күйеу бала" телехикаясы арқылы таныс. Аталған жобада ол Дариға Бадықовамен бірге ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.

Оның шығармашылық жолы Мұхтар Әуезов атындағы театрмен де байланысты. Актер "Дон Сезар де Базан" қойылымында Капитан рөлін орындаған. Кейін кино өндірісіне араласып, продюсерлік бағытта жұмыс істей бастады. 2026 жылғы ақпанда жаңа фильм түсіруге кіріскенін хабарлаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу