Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда футбол жанкүйерлері матчтан кейін қоқысты жинап кетті

Спорт •
«Таза Қазақстан»: Жезқазғанда футбол жанкүйерлері матчтан кейін қоқысты жинап кетті

Жезқазған қаласындағы «Металлург» стадионында «Ұлытау» мен «Атырау» командалары арасындағы футбол матчы аяқталғаннан кейін жанкүйерлер өз бастамаларымен трибуналардағы қоқыстарды жинастырды.

Осылайша, тұрғындар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, қоғамдық орындарға жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті. Бұл бастама футболға деген сүйіспеншілік тек сүйікті командаға жанкүйер болумен ғана шектелмей, стадион тазалығына қамқорлық жасаудан да көрінетінін аңғартты.

Еске сала кетейік, 31 қазанда Жезқазғандағы «Металлург» стадионында Қазақстан Премьер-лигасы маусымының қорытынды матчы өтіп, онда «Ұлытау» және «Атырау» футбол клубтары кездесті.

Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етіп, тазалықты сақтауда әр адамның жеке үлесі маңызды екенін көрсетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу