Ақпараттық хабарлама
freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Қабырғада бірдеңе бар": баласының сөзіне сенбеген ата-ана тосын жағдайға тап болды

Оқиға •
"Қабырғада бірдеңе бар": баласының сөзіне сенбеген ата-ана тосын жағдайға тап болды
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

Кішкентай қыз бірнеше ай бойы бөлмесінің қабырғасынан оғаш дыбыс шығатынын айтып келген. Ата-анасы мұны баланың қиялына балағанымен, кейін қабырғаның ішінен шамамен 50 мың ара табылған, деп Malim.kz тілшісі LAist сайтында жарияланған NPR материалына⁠ сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылы жарияланған оқиғада үш жасар қыз ата-анасына бөлмесінде "құбыжықтар" барын айтып, қабырғаны көрсете берген. Бала құбыжықтар туралы мультфильмді жақсы көргендіктен, үлкендер оның сөзін көрген дүниесімен байланыстырған.

Қызын тыныштандыру үшін ата-анасы бөлмені тексерген кейіп танытып, тіпті су құйылған бөтелкені "құбыжықтарды қашыратын құрал" ретінде пайдаланған. Бірақ баланың қорқынышы басылмаған.

Ақыры үйге маман шақырылған. Ол бөлменің қабырғасын жылуды көрсететін камерамен тексергенде, еденнен төбеге дейін созылған үлкен ара ұясын анықтаған.

Қабырғаның ішінен шамамен 50 мың ара мен салмағы 45 келіге жуық бал ұясы шығарылған. Осы уақыт бойы қыздың естігені аралардың ызыңы болып шыққан.

Маман араларды арнайы жәшіктерге жинап әкеткен. Қызға сол жәшіктегі аралардың дыбысын тыңдатқанда, ол өзін қорқытып жүрген дыбыстың дәл осы екенін растаған.

Бала тынышталғанымен, отбасының әуресі мұнымен бітпеген. Аралар үйге ондаған мың доллар көлемінде залал келтірген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу