24 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде қалың қар жауады. Жекелеген өңірлерде тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Malim.kz.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және Қарағанды облысында жауын-шашын түседі. Оның басым бөлігі қар түрінде жауады. Шығыс пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде қалың қар жауып, боран соғады. Маңғыстау облысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнауы және шаңды дауыл тұруы мүмкін. Елдің батысында, солтүстік-батысында және Ұлытау облысында негізінен жауын-шашын болмайды.
Бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы нөлден төмендейді.
Астана: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде −5…−7°C, күндіз +2…+4°C. Оңтүстік-батыстан түнде секундына 2–7, күндіз 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы: Күн ала бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Түнде −2…−4°C болып, үсік жүреді. Күндіз +4…+6°C. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.
Шымкент: Күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +2…+4°C, топырақ бетінде −2°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +13…+15°C. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15–20 метрге жетеді.
Абай облысы: Түнде −3…−8°C, күндіз −1…−6°C, оңтүстікте +5°C-қа дейін жылы болады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғуы және көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, шығыс пен оңтүстік-батыста екпіні 15–20 метрге жетеді.
Ақмола облысы: Түнде −4…−9°C, күндіз +1…+6°C. Түнде шығыста аздаған қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы: Түнде −2…−7°C, батыста +2°C-қа дейін, күндіз +10…+15°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады.
Алматы облысы: Түнде −1…−6°C болып, үсік жүреді, таулы аудандарда −8…−13°C-қа дейін суытады. Күндіз +2…+7°C, тауда −1…−6°C. Облыстың шығысында және таулы аудандарында қар жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, шығыста және тауда екпіні 18–23 метрге жетеді.
Атырау облысы: Түнде +4…+9°C, шығыста +1°C-қа дейін, күндіз +11…+16°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз оңтүстік-батыста екпіні 15–20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы: Түнде −3…−8°C, солтүстікте, шығыста және таулы аудандарда −11°C-қа дейін суытады. Күндіз −1…−6°C, шығыста және тауда −9°C-қа дейін төмендейді. Солтүстікте, шығыста және таулы аудандарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, оңтүстікте екпіні 15–18 метрге жетеді.
Жамбыл облысы: Түнде −1…−6°C болып, үсік жүреді, таулы аудандарда −6°C-қа дейін суытады. Күндіз +5…+10°C, тауда +2°C-қа дейін жылы болады. Жауын-шашын жаумайды. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, екпіні 23–28 метрге жетеді.
Жетісу облысы: Түнде −2…−7°C болып, үсік жүреді, таулы аудандарда −10°C-қа дейін суытады, оңтүстікте +2°C-қа дейін болады. Күндіз +2…+7°C, тауда −3°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда қар жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, шығыста және тауда екпіні 15–20 метрге жетеді. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні кей уақытта секундына 23–28 метрге дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде 0…+5°C, солтүстік пен шығыста −3°C-қа дейін, күндіз +11…+16°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз батыс пен оңтүстікте екпіні 15–20 метрге жетеді.
Қарағанды облысы: Түнде −6…−11°C, оңтүстікте −2°C-қа дейін болады. Күндіз 0…+5°C, шығыста −5°C-қа дейін төмендейді. Түнде солтүстікте аздаған қар жаууы мүмкін, шығыста қар жауады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 9–14 метр болады.
Қостанай облысы: Түнде −4…−9°C, күндіз +7…+12°C. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы секундына 7–12 метр болады.
Қызылорда облысы: Түнде 0…+5°C, солтүстікте және орталықта −3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +8…+13°C. Жауын-шашын жаумайды. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан түнде секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, шығыста екпіні 15–20 метрге жетеді. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр, шығыста екпіні 23–28 метр болады.
Маңғыстау облысы: Түнде +6…+11°C, солтүстікте +2°C-қа дейін, күндіз +14…+19°C болады. Күндіз батыста аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, солтүстікте шаңды дауыл тұрады. Шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 15–20 метрге жетеді.
Павлодар облысы: Түнде −3…−8°C, күндіз 0…+5°C. Түнде оңтүстік пен шығыста аздаған қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі. Батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде −4…−9°C, күндіз +3…+8°C. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте екпіні 15–20 метрге жетеді.
Түркістан облысы: Түнде 0…+5°C, солтүстікте −3°C-қа дейін үсік жүреді, таулы аудандарда да −3°C-қа дейін суытады. Күндіз +11…+16°C, солтүстікте және тауда +6°C-қа дейін болады. Жауын-шашын жаумайды. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Батыста, солтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге, екпіні 23–28 метрге жетеді.
Ұлытау облысы: Түнде −3…−8°C, күндіз +2…+7°C. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз оңтүстікте екпіні секундына 15 метрге жетеді.