freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Араб Әмірліктерінде төтенше жағдай: Мұнай төгіліп, жағажайлар жабылды

Әлем •
Араб Әмірліктерінде төтенше жағдай: Мұнай төгіліп, жағажайлар жабылды
Фото: Umm Al Quwain Municipality

Біріккен Араб Әмірліктерінде мұнай танкерінен теңізге мұнай төгіліп, Умм-эль-Кайвайн эмиратындағы барлық жағажайлар уақытша жабылды. Экологиялық оқиғаның салдары көршілес аймақтарда да сезіле бастаған, деп хабарлайды Malim.kz.

БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі теңіз жағалауының мұнаймен ластанғанын растады. Ведомство мәліметінше, арнайы бақылау жүйелері танкерден төгілген мұнайдың жағалауға жеткенін анықтаған.

Осыған байланысты Умм-эль-Кайвайн аумағындағы барлық жағажай мен жағалау аймақтарына баруға уақытша шектеу қойылды.

Мұнайдың нақты қанша аумаққа таралғаны әзірге белгісіз. Қазір мамандар теңіз суының жағдайын тексеріп, қоршаған ортаға келуі мүмкін зиянды бағалап жатыр.

Мұнайдың иісі бірнеше қалаға тараған

Оқиғадан кейін Умм-эль-Кайвайнмен көршілес Шарджа және Аджман эмираттарының тұрғындары да ауада жағымсыз иіс пайда болғанын хабарлаған.

Алайда БАӘ-нің жауапты министрлігі аталған иіс тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді.

"Мамандар қоршаған ортаға келетін зиянды азайту үшін тазалау және апат салдарын жою жұмыстарына кірісті. Жағалау суларын тексеру жалғасып жатыр. Алдын алу шарасы ретінде барлық жағажай мен жағалау аймақтары уақытша жабылды", – делінген ведомство хабарламасында.

Жағажайлар мамандар экологиялық жағдайды толық бағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын анықтағаннан кейін ғана қайта ашылады.

Сондай-ақ билік тұрғындар мен туристерге ластанған жағалау аумақтарына бармауға, ал балықшыларға мұнай таралған жерлерде балық ауламауға кеңес берді.

Мұнай төгілген танкерге дрон шабуыл жасаған болуы мүмкін

Әзірге БАӘ билігі мұнай төгілген кеменің нақты атауын жариялаған жоқ.

Дегенмен Saudi Gazette басылымының хабарлауынша, оқиға ұзындығы шамамен 330 метр болатын Gem No.2 мұнай танкерімен байланысты болуы ықтимал.

Халықаралық теңіз ұйымдарының мәліметіне сүйенген басылым 9-10 қазанда аталған кемеге Иранның ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған болуы мүмкін екенін жазған.

Сол кезде танкер бортындағы 22 үндістандық теңізші құтқарылған.

Алайда мұнайдың дәл осы танкерден төгілгені және оның болжамды шабуылмен байланысы әзірге БАӘ билігі тарапынан ресми расталған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу